Оқушыларды топтастырып отырғызып, назарларын сабаққа аудару
Пәні, сынып және тақырып
- Пәні
- Физикалық география
- Сынып
- 6-сынып
- Тақырыбы
- Атмосфераның құрамы мен құрылысы
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Жердің ауа қабаты — атмосфера туралы толық мәлімет беру. Атмосфераның Жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ауа қабаты туралы дүниетанымын дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру, қоршаған орта жөніндегі ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Экологиялық тәрбие беру: ауаны қорғауға, қастерлеуге үйрету. Тапсырма орындау барысында ұжымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Дүние жүзі мен Қазақстанның физикалық картасы
- Плакаттар
- Кеспе қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу.
- Оқушыларды топтастырып отырғызып, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру (Гидросфера)
А. «Нені меңгердік?» — ассоциация және анықтамалар
Анықтамаларға жауап беру арқылы «Гидросфера» ұғымына ассоциация құру.
Ә. Топтық жұмыс (карта бойынша)
Литосфера
- Каспий теңізі және оған құятын басты өзендерді атау, картадан көрсету.
- Ақтау қаласының координатасын анықтау.
Гидросфера
- Арал теңізі және оған құятын басты өзендерді атау, картадан көрсету.
- Арал қаласының координатасын анықтау.
Атмосфера
- Балқаш көлі және оған құятын басты өзендерді атау, картадан көрсету.
- Балқаш қаласының координатасын анықтау.
Б. Жедел (альтернативті) сұрақтар: «Иә / Жоқ»
Топ басшылары сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.
Литосфера тобы
- 1.Сырдария — Қазақстандағы ең суы мол өзен.Жоқ
- 2.Су астындағы жер сілкінуі мен жанартау атқылауынан туатын толқындар цунами деп аталады.Иә
- 3.Мұхит суының тұздылығы промилмен есептеледі.Иә
- 4.Виктория — ең биіктен құлайтын сарқырама.Жоқ
- 5.Күн жүйесіндегі планеталардың ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде кең таралған.Иә
Гидросфера тобы
- 1.Өзеннің теңізге немесе көлге құяр жері саласы деп аталады.Жоқ
- 2.Мұхит суының орташа тұздылығы 30‰.Жоқ
- 3.Батыс желдер ағысы — ең ірі суық ағыс.Иә
- 4.Табиғатта су екі күйде ғана кездеседі.Жоқ
- 5.Айсбергтердің 70–90%-ға жуығы су астында болады.Иә
Атмосфера тобы
- 1.Мариан шұңғымасы — мұхиттағы ең терең шұңғыма.Иә
- 2.Ағысты туғызатын басты себеп — тұрақты желдер.Иә
- 3.Арал теңізі тектоникалық көлге жатады.Жоқ
- 4.Жер шарындағы ең терең көл — Байкал.Иә
- 5.Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды өзен деп атайды.Жоқ
III. Қоғамдық-танымдық байланыс: Елбасының Арал қаласына іссапары
2005 жылғы 27 сәуірде Арал аймағын үнемі назарда ұстап келген ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ауданға арнайы іссапармен келіп, таза ауызсудың тұсаукесерін өткізді.
Президент су дәмін татып көріп, аралдықтардың ауызсуы өте таза екенін атап өтті. Нәтижесінде Арал қаласының тұрғындары 100% таза ауызсумен қамтылды. Бүгінде халық осы игіліктің пайдасын көріп отыр.
Оқушылар назарына осы іссапар туралы дайындалған слайд ұсынылады.
IV. Жаңа сабақты меңгертуге кіріспе
Адал болсаң, судай бол — су арамды кетіреді.
Мықты болсаң, жердей бол — жер жараңды көтереді.
Судай таза бол, жердей берік бол.
Өмірің ұзақ болсын, аумағың суат болсын,
Осы сөзім халқыма қуат болсын!