Елуде ебің келмес еңкейгенмен, Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен

Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған,
Тай мініп, жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.

20 - да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой - ойлап әр нәрсені жүдейсің - ғой.

30 - да, 30 - да үй иесі боласың - ғой,
Балаңды әлди қағып аласың - ғой,
Келген соң одан әрі – 35 жас,
Жігіттік қыдырыстан қаласың - ғой.

Бір жас бар – 40 деген – қылыш екен,
Мойныңды бір жұмысқа бұрыс екен,
Келген соң одан әрі – 45 жас,
Борышты болмағаның дұрыс екен.

Елуде ебің келмес еңкейгенмен,
Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен.
Келген соң – 55 жас, 60 жасқа,
Шал болып ойнайсың ғой кемпірлермен.

70 - те жер таянбай тұра алмайсың,
Қолыңа таяқ алмай жүре алмайсың.
Балаң мен кемпіріңе тілің өтпей,
Әңгіме көп ішінде құра алмайсың.

80 - де шал боларсың селкілдеген,
Жел соқса желмен бірге үлпілдеген,
Балаң мен келініңе тілің өтпей,
Ренжісіп отырғаның кемпірменен.

90 - да шал боларсың томыртқадай,
Тастаған шала мұжып омыртқадай,
Өмірден өтеріңе сенгің келмес,
Дұшпанға жазатайым бергің келмес.
Жеткенде жасың 100 - ге, жаның тәтті,
Қойнына қара жердің кіргің келмес.



Ұқсас жұмыстар

ҚАЗАҚ ТІЛІ (С1 деңгейі) Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы
Қамар сұлу
Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының элементтерін пайдалану
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Сәбит Дөнентаев ( 1894-1933)
Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас
Руханият – адам жанының азығы
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Шығармаларға әлеуметтік талдау
Мақта тазалау кәсіпорын басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды ( Шардара - мақта ЖШС)
Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, ата мекенді жаудан тазартудағы ерліктері - ұрпаққа үлгі боларлықтай
Еліміздің болашағы жастардың қолында
Талыс солардың қолында
Мектебінің білім атты гүл бағы
Көрсет қолыңды
Қолында компас
Ұстама қолыңмен
Профессор аудиторияға қолында бір ыдысқа салынған тышқан әкеледі де бетін жауып үстелінің үстіне қояды