Психикалық денсаулық - адамның психикалық сферасының жағдайы

Денсаулық мәдениеті туралы ой

«Тіршілікте талпынып, талаптан — деніңнің сауында». Базар жырау (1842–1911)

Колледж ортасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру

Колледж кеңістігінде денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру — тек медициналық шаралар жиынтығы емес, ол тәрбиелік орта, құндылық, күнделікті дағды және жауапкершілік. Бұл бағыттағы жұмыс жас ұрпақ тәрбиесіне назарды күшейтіп, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешуде барлық субъектілердің әрекетін үйлестіруді көздейді.

Мақсат

Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне қоғамдық назарды күшейту және тәрбиелік үдерістерде барлық қатысушылардың (оқытушы, әкімшілік, ата-ана, қоғам) іс-қимылын келісімді ұйымдастыру.

Міндеттер

  • Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне ықпал ету.
  • Тәрбие міндеттерін іске асыру үшін интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және өзге де ресурстарды шоғырландыру.
  • Балалар, жасөспірімдер мен жастардың әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара қатынасында жауапты шешім қабылдай алатын, жетекшілік рөлді өз мойнына ала білетін дербес тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
  • Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық дамуын және өз өмірі мен денсаулығына әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге мүмкіндік беру.
  • Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға және табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау.
  • Өмір бойы білімін жетілдіруіне, кәсіби қалыптасуына және өзін табысты көрсетуіне қажетті жағдай қалыптастыру.

Негізгі көзқарас: оқытушы — студентке тірек

Колледжде денсаулық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды факторлардың бірі — оқытушының рөлі. Студент үшін оқытушы кейде «екінші ана» секілді: ол студенттің көңіл-күйін, ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді байқап, дер кезінде қолдау көрсете білуі тиіс.

Қазіргі жастар денсаулыққа қатысты «болмайды», «зиян», «тыңда» сияқты жиі айтылатын ескертулерді елемеуі мүмкін. Себебі мұндай сөздер күнделікті қайталана беріп, әсерін жоғалтады. Сондықтан жастарға көзбен көріп, қолмен ұстап, сезінетіндей тәжірибелік, дәлелді, қатысымға негізделген әдістерді қолдану қажет.

Түйін ой

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Денсаулыққа әсер ететін факторлар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын деректер бойынша, денсаулыққа әсер ететін негізгі факторлардың үлесі мынадай:

Өмір салты

50–60%

Күн тәртібі, қозғалыс, ұйқы, әдеттер, тамақтану, стресс.

Тұқым қуалаушылық

20%

Биологиялық ерекшеліктер мен бейімділіктер.

Қоршаған орта

20%

Экология, тұрмыс жағдайы, әлеуметтік орта.

Медициналық көмектің деңгейі

8–10%

Алдын алу, диагностика, емге қолжетімділік.

Бұл деректер денсаулық үшін күрестің басты бағыты — салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жүйелі насихаттау екенін көрсетеді.

Салауаттану: білім мен тәрбиенің бірлескен жүйесі

Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі студент денсаулығын сақтауға әрі нығайтуға көмектеседі. Студенттің дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыру қажет.

Ең маңыздысы — жастарды салауатты өмір сүрудің құндылығы мен қажеттілігіне сендіру, оны іске асыру жолдарын көрсету және нақты шешім қабылдауға үйрету.

Маңызды ескерту

Денсаулықты сақтау жөніндегі кеңестерді әмбебап «толық құрал» деп қабылдауға болмайды. Дегенмен, осында айтылған шараларды тұрақты орындау жас буынның тазалықты сақтап, өзін күту дағдыларын нығайтуға едәуір ықпал етеді.

Денсаулық ұғымы және оның түрлері

Денсаулық — ағзаның қоршаған орта факторларына бейімделу қабілеті. Сыртқы орта ықпалы адамның денсаулығын қалыптастырып, дамытады.

Денсаулықтың негізгі түрлері

1) Физикалық денсаулық

Ағза жүйелері мен мүшелерінің өсу деңгейі. Негізі — морфологиялық және функциялық көрсеткіштер; олар ағзаның бейімделу реакцияларын қамтамасыз етеді.

2) Соматикалық денсаулық

Ағза мен мүшелердің биологиялық күйі. Негізі — жеке дамудың биологиялық бағдарламасы арқылы реттелетін үрдістер.

3) Психикалық денсаулық

Психикалық сфераның жағдайы: аурудың алдын алу үшін адекватты реакция қалыптастыру, өмір мақсатын бағамдай алу, функциялардың өзін-өзі реттеуі, үрдістердің келісімді өтуі және сыртқы орта әсеріне бейімделу.

4) Рухани денсаулық

Ақпаратты қабылдау қабілеті мен мотивациялық іс-әрекет арасындағы үйлесім. Құндылықтар жүйесін, қоғамдағы орнын, ішкі мотив арқылы орнығуын және көңіл күйін айқындайды. Рухани денсаулық жомарттықты, сүйіспеншілікті, жан дүниенің сұлулығын танытады.

Критерийлер мен негізгі белгілер

Жинақталған критерийлер

  • Соматикалық және физикалық денсаулық критерийі: «Мен бәрін өзім жасай аламын» деңгейі.
  • Психикалық денсаулық критерийі: «Маған қажеттінің бәрін өзім тауып аламын» қабілеті.
  • Рухани денсаулық критерийі: «Мен мұны өзім жасауым керек» деген ішкі жауапкершілік.

Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер

  1. 1 Иммундық және иммундық емес қорғаныс тетіктерінің болуы және зиянды факторларға қарсы тұра алуы.
  2. 2 Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіштері.
  3. 3 Қор (резерв) мүмкіндіктері және функционалдық жағдайды сипаттайтын белгілер.
  4. 4 Әртүрлі ақаулар мен ауруларға байланысты денсаулық деңгейінің төмендеуі немесе жеткіліксіздігі.
  5. 5 Моральдық ерік деңгейі және рухани-мотивациялық белгілер.

Денсаулық неге байланысты?

Денсаулықты 100% деп алсақ, оның шамамен: 20% — тектік факторларға, 20% — қоршаған орта жағдайына (экологияға), 10% — денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігіне тәуелді. Ал ең үлкен үлес — адамның өз өмір салты мен таңдауларына тиесілі.

Денсаулық сақтау жүйесі сапалы қызмет көрсетіп, дәрі-дәрмек жеткілікті болған жағдайда, халық денсаулығының артуы заңды. Адам ағзасы көптеген жұқпалы дертке қарсы тұра алады, өйткені ол табиғаттың ерекше жаратылысы. Ғылыми деректер бойынша денсаулықтың кемінде 50% адамның өзіне байланысты.

Қауіпті мінез-құлық

Жасөспірімдер мен жастар арасында денсаулықты өз қолымен әлсірететін әрекеттер кездеседі: алкоголь ішу, есірткі қолдану, токсикалық заттарды иіскеу немесе денеге жағу. Мұндай әдеттер өмір сапасын төмендетіп қана қоймай, өмір ұзақтығын да қысқартады.

Колледждегі қолайлы факторлар

Қимыл-қозғалыс жеткіліктілігі

Белсенділік пен қозғалыс нормасының сақталуы.

Дұрыс күн тәртібі

Оқу-тәрбие үдерісінің жүйелілігі және режимнің сақталуы.

Гигиеналық талаптар

Ойын, оқу және еңбек әрекеттерінде қауіпсіздік пен тазалық қағидалары.

Тамақтануды ұйымдастыру

Сапалы әрі уақтылы тамақтану шарттарының қамтамасыз етілуі.

Дағдылар мен әдеттер

Гигиеналық дағдылардың орнығуы, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Психологиялық климат

Колледж ішінде және студенттер арасында қолайлы қарым-қатынас.

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың шарттары

  • Денсаулықты басты құндылық ретінде қабылдау.
  • Өзін дені сау адам ретінде қалыптастыру және соған сай әрекет ету.
  • Денсаулықтан айырылу қаупін шынайы бағамдай білу.
  • Денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысты ақпаратты өз мінез-құлқына бағдар ету; алаңдаушылық энергиясын әрекетке айналдыру.
  • Салауатты өмір салтын тұрақты дағдыға айналдыру.