Жылқы баласы

Сабақтың тақырыбы: «Ақ бұзау». Жуан дауыстылар

Бұл жоспар 1-сыныпқа арналған «Ана тілі» сабағын өткізуге бағытталған. Сабақта төрт түлік тақырыбы арқылы жуан дауысты дыбыстарды танытып, оқушылардың сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамыту көзделеді.

Білімділік мақсаты

  • Жуан дауыстылар туралы түсінік беру.
  • Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету.
  • Төрт түлік туралы мағлұмат беру, олардың адам өміріндегі пайдасын ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты

  • Еркін сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Көркем жазуға баулу, ойын анық жеткізуге үйрету.
  • Шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты

  • Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
  • Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Ой қозғау Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Төрт түлік суреттері, шаблондар, парақшалар.
  • Төрт түлік пірлерінің суреттері, кеспе әріптер.
  • Слайд, сөзжұмбақ, сауалнама, бағалау мониторингі.
  • Жақан Смақов шығармалары.

Сабақтың барысы

Сабақ түрі: аралас сабақ.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төріме еніпті.

Үлкенге амандасу — тәрбиенің басы. Ендеше бәріміз үлкендерге сәлемдесейік:

«Сәлеметсіз бе!»

«Сәлеметсіздер ме, апайлар!»

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: «Боз бие» өлеңін жатқа оқу.

Қайталау сұрақтары

  • Қазір біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
  • Төрт түлікке нелер жатады?
  • Төрт түліктің пірлері қалай аталады?

Топқа бөлу

Сабақ топтық форматта өтеді:

  • 1-топОйсылқара
  • 2-топҚамбарата
  • 3-топШопаната
  • 4-топЗеңгібаба
  • 5-топСексеката

Сауалнама

Оқушылар дұрыс жауапты шаблондар арқылы көрсетеді.

Сұрақ Жауап нұсқалары Дұрыс жауап
1) Дауысты дыбыстар қатарын тап. а) б, в, г    ә) а, ә, е ә) а, ә, е
2) «К» қандай дыбыс? а) дауыссыз    ә) дауысты а) дауыссыз
3) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? а) 40    ә) 42 ә) 42
4) Жуан дауыстыларды тап. а) ы, і, ә, о, ұ, е    ә) а, о, ұ, ы ә) а, о, ұ, ы
5) Қазақ тілінде неше дыбыс бар? а) 40    ә) 42 ә) 42

III. Мағынаны тану

Сөзжұмбақ шешу арқылы өткенді бекіту.

Сұрақтар

  1. Қой бағатын адам.
  2. Қойдың қас жауы.
  3. Түйенің төлі.
  4. Жылқының төлі.
  5. Сиырдың пірі.
  6. Жылқының пірі.
  7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс.

Жауаптары

Шопан Қасқыр Бота Құлын Зеңгібаба Қамбарата У

Ой қозғау сұрағы:

«Бұзау ненің төлі?»

Осы сұрақ сабақтың жаңа тақырыбына жетелейді. Бүгінгі жаңа сабақ: «Ақ бұзау».

IV. Оқулықпен жұмыс

Өлеңмен жұмыс

Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру. Әңгімелеу сұрағы: «Өлең не туралы?» (Жауап: бұзау.)

Суретпен жұмыс

  • Суретте кімді көріп тұрсыңдар? (Баланы.)
  • Баланың жанында не бар? (Бұзау.)
  • Бұзау ненің төлі? (Сиырдың төлі.)

Дыбыстық талдау

Сөз

Бұзау

Ереже

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Буынға бөлу

2 буын: Бұ-зау

Автор туралы қысқаша мәлімет: Жақан Смақов

Өмір сүрген жылдары
1932–1974
Туған жері
Жаңаарқа ауданы, Ынталы колхозы.
Білімі
Қазақ мемлекеттік университеті, журналистика факультеті.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастаған.

Шығармалары

1950–60 жылдары көптеген өлең жинақтары жарық көрді: «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ-бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы». Сонымен қатар «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» сияқты суретті кітаптары шыққан.

Ақын 1974 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті. Ол оқыған Ынталы орта мектебіне Жақан Смақовтың есімі берілген. Алдағы уақытта оқулықтан және газет-журналдардан оқып, шығармашылығымен тереңірек танысасыздар.