Балалардың назарын киіз үйдің қасында отырған қуыршақ әжеге назар аударып

Топтама мазмұны

Топтамадағы сабақтар төмендегі тақырыптарды қамтиды:

  1. Ұлттық ыдыстар
  2. Жабайы аңдар
  3. Жиһаздар әлемі

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Қазақ тілі

Тақырыбы

Ұлттық ыдыстар

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Балаларға ұлттық ыдыстар туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері

  • Балалардың сөздік қорын молайту.
  • Грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Ұқыптылыққа баулу.

Сабаққа қажет материалдар

Сөздік

тостаған торсық ағаш қасық самауыр кесе аққұман

Көрнекі құралдар

  • Суреттер
  • Әртүрлі ыдыстар
  • Жеке карточкалар
  • Қуыршақ
  • Киіз үй

Әдіс-тәсілдер

Қайталау, таныстыру, сұрақ-жауап, фонетикалық жаттығу, сергіту сәті, диалог, сөйлем құрату.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Балалар, алдымен шеңбер құрып тұрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Алақан арқылы жылылық сыйлап, жақсы тілектер айтайық:

Еліміз аман болсын,

Анамыз аман болсын,

Деніміз сау болсын!

Жеке жұмыс (диалог). Тақырыбы: «Балабақшада не істейсің?»

Мақсаты

Қойылған сұрақты түсініп, дұрыс жауап бере білу.

Балалар бір-бір карточкадан алады. Жүргізуші (мұғалім немесе бала) сұрақ қояды, ал балалар өздеріне түскен карточкаға сәйкес жауап береді.

— Саша, сен балабақшада не істейсің?

— Мен балабақшада ойнаймын. (оқимын, тамақ ішемін, ұйықтаймын)

Сұрақтарды деңгейі жоғары балалар да қоя алады.

II. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Балалардың назары киіз үйдің жанында отырған қуыршақ әжеге аударылады.

— Балалар, киіз үйдің қасында кім отыр?

— Әже отыр.

— Әжемен қалай амандасамыз?

— Сәлеметсіз бе, әже!

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ыдыстарымды жинап отырмын. Маған көмектесіңдер.

Әже балалардың назарын ыдыстарға аударып, жаңа сөздермен таныстырады. Сөздерді жеке балаларға, қыздарға және ұлдарға кезекпен қайталатып айтқызады.

Жаңа сөздер

тостаған торсық ағаш қасық самауыр аққұман кесе

Фонетикалық жаттығу

Мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды сөз ішінде дұрыс айтуға жаттықтыру.

Үлгі

Ық-ық

торсық

Үлгі

Ық-ық

қасық

Үлгі

Ақ-ақ

аққұман