Қыс мезгілінде

Сабақ туралы мәлімет

Өңір

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы

Ұйым

Балбөбек балабақшасы, білім бөлімі

Тәрбиеші

Жумагулова Гүлжан Базарбайқызы

Білім беру саласы

Таным, Шығармашылық

Бөлімдер

Қоршаған ортамен танысу, Сурет

Тақырып

Қыс қызығы

Мақсаты

Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қыстың сұлулығын байқап тамашалай білуге үйрету. Табиғаттың ерекшелігін сезіну арқылы қоршаған ортамен таныстыру және баланың ой-өрісін дамыту.

Негізгі шығармашылық дағды

Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларын түтікше арқылы үрлеу әдісімен бейнелеуге үйрету.

Сабақтың барысы

1) Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!

2) Жұмбақ арқылы тақырып ашу

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қар омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.

Сұрақ: Бұл қай кезде болады?

Жауап: Қыс мезгілінде.

3) Әңгімелесу: қыс мезгілінің ерекшеліктері

Балалармен сұрақ-жауап арқылы қыс мезгіліндегі ауа райы, киім үлгісі және қысқы ойындар талқыланады.

Қыста ауа райы қалай өзгереді?
Қар жауады, суық болады, боран соғады, аяз түседі.
Адамдар қыста қалай киінеді?
Жылы киінеді: қалың киім, бас киім, қолғап, етік.
Қандай ойындар ойнаймыз?
Аққала жасаймыз, сырғанақ тебеміз, шана және шаңғы тебеміз.

4) Тосын сәт: Маша мен Аю қонақта

Топқа Маша мен Аю келеді. Олар балалармен амандасып, түрлі пішіндерден аққала құрастыруға көмектесуді сұрайды.

Маша: «Менде әртүрлі пішіндер бар. Сол пішіндерден аққала жасауға көмектесесіңдер ме?»

Балалар: «Көмектесеміз!»

Балалар Машамен бірге пішіндерден аққала құрастырады. Маша олардың ұқыптылығын атап өтеді және сурет салуға қызығушылық білдіреді.

5) Топқа бөлу

Балалар қорапшадағы бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ

Аққала тобы

2-топ

Ұлпа тобы

6) Шығармашылық жұмыс

Әр топ өз тапсырмасын орындап, қысқы көріністі әртүрлі техника арқылы бейнелейді.

1-топ

Аққала тобы

Саусақпен сурет
  • Жарық шамы түсірілген әйнекке қыс қызығын бейнелейді.
  • Манка жармасы, ас тұзы және құмды пайдаланып, саусақ қимылдары арқылы сурет салады.

2-топ

Ұлпа тобы

Үрлеу техникасы
  • Көк түсті қағазға ақ гуащь бояуын тамызады.
  • Түтікше арқылы үрлеп, қар ұлпасының пішінін шығарады.

7) Сергіту сәті

Саусақтарым, тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар.
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар.

8) Қорытынды бөлім

Маша мен Аю: «Балалар, сендерге көп рақмет. Бүгінгі әрекеттерің өте қызықты болды. Енді қайтайық, қош болыңдар!»

Жүректен жүрекке,
Қол ұстасып тұрайық.
Достық әнге салайық,
Сау-саламат болайық.

Күтілетін нәтиже

Не алды?

Қыс қызығын тамашалады.

Не білді?

Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.

Не істей алды?

Түтікше арқылы қар ұлпасын бейнеледі және жарық түсірілген әйнекке құм, жарма, ас тұзын пайдаланып, саусақ қимылдары арқылы сурет салды.