Оқулықтан Ақан серінің өмірін оқу
Сабақ тақырыбы
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы — ақын, әнші, сазгер (презентациямен).
Сабақ эпиграфы
Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ақан серінің өмірі мен шығармаларын терең түсінуге, қызыға оқуға жетелеу. Ақынның «сегіз қырлы, бір сырлы» болмысын таныту.
Дамытушылық
Өз бетімен ізденуге, өзіндік пікір айтуға, ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Шығармаларындағы оқиғалар арқылы адамгершілікке баулу, өнерді қадірлеуге үйрету, сұлулық пен іңкәрлікке толы нәзік сезімдерді оқушы жүрегіне ұялату.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Өнер — өмір сабағы.
Типі
Жаңа білім беру.
Технологиясы
Ф. Я. Вассерманның биоақпараттандыру және синергетикаға негізделген тәсілдері.
Көрнекілік және пәнаралық байланыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Ақан серінің суреті
- Ескерткіштердің фотосуреттері
- Сызба-кестелер
- «Біржан — Теміртас», «Ләйлім шырақ», «Ақан — Балқадиша» әндерінің бейнебаяндары
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Тарих
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру және мақсат қою
- Сабақтың эпиграфымен жұмыс.
- Мақсаттарды нақтылау, күтілетін нәтижені белгілеу.
1-цикл. Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ 63%)
Үй тапсырмасын бекіту: Біржан салдың өмірі мен шығармашылығына қатысты материалды жатқа жазу.
- «Теміртас» әнінің бейнебаянын тамашалау.
- Әннің тақырыбын анықтау, психологиялық талдау жасау.
- «Ләйлім шырақ» әнінің бейнебаянын тамашалау, өзектендіру: «Әр ән — бір тарих».
Кіріспе ой
Біржан салдың замандасы Ақан сері Қорамсаұлы — Құлагердей жүйрігімен, Базарлы атты тазысы, Көкжендет дейтін қыран құсымен әйгілі сері тұлға. Осы сабақта оның өмірі мен шығармашылығына (слайдтар арқылы) шолу жасалады.
2-цикл. Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді талдау және түсініп оқу (6 минут).
3-цикл. «Жеті кілт сөз» сәйкестендіру
Мұғалім мен оқушы кілт сөздерді мағынасы мен контекстіне сай сәйкестендіреді:
4-цикл. Есте сақтау және меңгерту (Ес 63%)
- 7 кілт сөзді есте сақтау (30 секунд).
- Кілт сөздерді дәптерге түсіру.
5-цикл. Қиылыс сұрақ
Әр оқушы матрица бойынша жұмыс істеп, жеті сөздің мағынасын ашады және дәлелмен түсіндіреді.
6-цикл. Сын тұрғысынан ойлау
- Әр оқушы 1 тест сұрағын құрастырып, бір-біріне қояды.
- «Балқадиша» әнінің бейнебаянын тамашалау.
- Әннің шығу тарихын әңгімелеу және талқылау.
Бекіту сұрақтары
- Не білдің?
- Не меңгердің?
Әдеби байланыс және қорытынды
Ақан сері классикалық шығармаларда бас кейіпкер ретінде көрінеді:
- І. Жансүгіров — «Құлагер»
- Ғ. Мүсірепов — «Ақан сері — Ақтоқты»
- С. Жүнісов — «Ақан сері»
Түйін
«Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады».
В. Гюго (слайдтарды тамашалау)
Үй тапсырмасы
- Оқулықтан Ақан серінің өмірі туралы бөлімді оқу.
- Хрестоматиядан өлеңдерді жаттау.
Шығармашылық жұмыс
Эссе: «Ақан өнері бүгінде жалғасын тапты ма?»
Бағалау
Оқушыларды «орындық матрица» бойынша бағалау.