Қызықты сөздер

Тарих пәні Тәуелсіздікке 25 жыл Сайыс-сабақ

«Тарихты білесіңдер ме?» — білімді жинақтайтын сайыс-сабақ

Бұл сабақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Мазмұны оқушылардың Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері және қоғам қайраткерлері туралы білімін жүйелеп, дәлелді түрде көрсетуге бағытталған.

Негізгі ой: тарих — тек деректер жиынтығы емес; ол ұлттық жады, тәуелсіздік құны және азаматтық жауапкершілік.

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде әр әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің.

Тарихи негіз: Бірнеше ғасыр бойы әлем картасында «Қазақстан» атауы дербес мемлекет ретінде анық көрінбеді. Себебі қазақ жері әуелі Ресей империясының, кейін Кеңес Одағының құрамында болды. 1991 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн.

Сабақтың мақсаты

  • Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері және қоғам қайраткерлері туралы білімді жинақтап көрсету.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, танымдық деңгейін көтеру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет, математика.

Күтілетін нәтиже

  • Өз ойын ашық әрі еркін жеткізуге дағдыланады.
  • Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Көрнекілік

Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта.

Сабақ түрі

Сайыс-сабақ.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

«Жүректен жүрекке» тренингі арқылы оқушылар бір-бірімен амандасып, жағымды атмосфера қалыптастырады.

2) Топқа бөлу

Әртүрлі суреттер таратылады. Топ ережелері таныстырылып, топтық жұмысқа бағыт беріледі. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

3) Сайыс құрылымы

Сайыс 8 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде тапсырма түрі өзгеріп, білім мен логика қатар бағаланады.

Сайыс кезеңдері

  1. 1) Қазақ елі — менің Отаным

    Тест және мазмұнды сұрақтар.

  2. 2) Сандарды сөйлет

    Жылдар мен деректерге түсініктеме.

  3. 3) Картамен жұмыс

    Оқиға орнын картадан көрсету.

  4. 4) Қызықты сөздер

    Ұғымдар мен терминдер түсіндірмесі.

  5. 5) Мақал — сөздің мәйегі

    Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

  6. 6) Жүз бір жұмбақ

    Тарихи-танымдық жұмбақтар.

  7. 7) Ерлік — елге мұра…

    Блиц-сұрақтар арқылы қорытындылау.

  8. 8) Қорытынды

    Жеңімпазды анықтау және марапаттау.

1-кезең: «Қазақ елі — менің Отаным»

Интерактивті тақта арқылы 20 тест сұрағы ұсынылады (әр топқа 10 сұрақтан).

Формат

Топтық жауап

1-топ сұрақтары

  1. Қазақстан егемендігі туралы Декларация қай жылы қабылданды?
  2. Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
  3. Қазақстан неге «Еуразияның кіндігі» деп аталады?
  4. Жер көлемі жөнінен Қазақстан нешінші орында?
  5. Еліміздің жер көлемі неше шаршы шақырым?
  6. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым?
  7. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық қанша шақырым?
  8. Қазақстанда қанша облыс бар?
  9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
  10. Қазақстанның астаналарын ретімен атаңыз.

2-топ сұрақтары

  1. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
  2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
  3. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын атаңыз.
  4. Ұлттық валюта — теңге қашан айналымға енді?
  5. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?
  6. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атаңыз.
  7. Халқының саны бойынша Қазақстан әлемде нешінші орын алады?
  8. Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүшелікке қабылданды?
  9. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?
  10. Қазақстан Республикасының халық саны қанша?

2-кезең: «Сандар сөйлейді»

Слайдта берілген сандар мен жылдарға түсініктеме беріледі. Ұпай жоғарылаған сайын сұрақтар күрделене түседі.

10 ұпай

  • 1991 — ҚР тәуелсіздігін алған жыл
  • 1992 — ҚР-ның БҰҰ-ға мүше болуы
  • 1993 — ұлттық валюта айналымға енді

20 ұпай

  • 1465 — Қазақ хандығының құрылуы
  • 1954 — тың және тыңайған жерлерді игеру
  • 1961 — адамның ғарышқа алғаш ұшуы

30 ұпай

  • 1939 — Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
  • 1941 — Ұлы Отан соғысының басталуы
  • 1945 — Ұлы Отан соғысының аяқталуы

40 ұпай

  • 22 наурыз — Наурыз мерекесі
  • 3000 — әлемдегі этнос саны
  • 98 — Конституциядағы бап саны

3-кезең: Картамен жұмыс

Тарихи оқиғадан үзінді беріледі. Сол үзіндіге сүйеніп, оқиғаның болған жерін картадан көрсету қажет.

1-топ

XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ертіп Жетісу жеріне келеді. Сол өңірді картадан көрсет.

2-топ

1836–1838 жылдары Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы көтеріліс болды. Бөкей ордасы Еділ мен Жайық аралығын алып жатты. Картадан көрсет.

Қосымша тапсырма: «Қазақстанның қай қаласы?»

Қала атауының шығу төркінін сипаттайтын тұспал бойынша дұрыс жауапты табу.

1-топ

  1. Қарағанды — «қарағаны қалың өскен жер» деген мағынамен байланысты.
  2. Семей — орыстың «семь палат» атауымен сабақтас.
  3. Түркістан — «түріктер елі, мекені» деген ұғыммен байланысты.

2-топ

  1. Ақтау — Қазақстандағы айлақты қала.
  2. Шымкент — көк майсалы, бау-бақшалы, шыммен қоршалған бекіністі қала деген сипаттамаға сай.

4-кезең: Қызықты сөздер

Терминдерді дұрыс сәйкестендіріп, қысқаша анықтама беру.

1-топ

Карта
Жер шарының кішірейтілген нұсқасы.
Нумизматика
Ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым.
Конституция
Ата заң.
Геродот
«Тарих атасы» атанған ғалым.
Шаңырақ
Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі.

2-топ

Томирис
Сақтардың патшайымы.
Шекпен
Түйе мен қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.
Этнос
Белгілі аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ халықтық қауымдастық.
Саба, торсық, келі, күбі
Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқ түрлері.
Тымақ
Түлкі терісінен тігілетін ер адамның бас киімі.

5-кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»

Мақал-мәтелдерді жалғастыру тапсырмасы.

  1. 1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  2. 2. Туған жер — алтын бесік.
  3. 3. Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.
  4. 4. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
  5. 5. Отан оттан да ыстық.
  6. 6. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  7. 7. Бейбіт елде береке бар.
  8. 8. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

6-кезең: «Жүз бір жұмбақ»

Тарихи дерек пен ұғымды өлең жолдары арқылы танып, жауабын табу.

1-топ

Қазақстан баршаға болған мекен,
Баурайы да байлыққа толған екен.
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде,
Алтын адам нешеде болған екен?

Жауабы: 17 жаста.

Түсінейік мән беріп жырдың хатын,
Нағыз досың білсінші сырдың атын.
Әкесі жау қолына беріп қойған,
Айтып берші, біздерге ұлдың атын?

Жауабы: Мөде шаньюй.

Қараңғылық қоюлап түнді жапты,
Ғалымдар адам сенген дінді тапты.
Ява аралынан зерттеушілер,
Айтыңдаршы, қанеки кімді тапты?

Жауабы: Питекантроп.

2-топ

Біліммен адам ерек байқалады,
Көлге біткен құрақтай жайқалады.
Тарихты зейін қойып оқығандар,
Диаспора жөнінде не айтады?

Жауабы: Өз елінен тыс жердегі ұлт өкілдері.

Құрметтеп өткен жайды ұғынайын,
Айтылар өнегелі жырым дайын.
Білетіндер болса егер айтып берсін,
Кісі есімін зерттейтін ғылым жайын.

Жауабы: Антропонимика.

Гүлденуде құлпырып еліміз де,
Тыныштық пен береке жерімізде.
Ендеше, кім біледі, айтып берсін,
Қанша көл бар кең байтақ жерімізде?

Жауабы: 48 мың.

7-кезең: «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран»

Блиц-сұрақтар арқылы «туған жер», «міндет», «ерлік» ұғымдарын нақтылап, оқушының азаматтық көзқарасын дамыту.

1) Туған жер дегеніміз не?

Туған жер — адамның туып-өскен жері.

2) Сіздің туған жеріңіз қай ел?

Қазақстан Республикасы.

3) Өз еліңіздің алдында қандай міндеттеріңіз бар?

Туған жерді қорғау, қадірлеу.

4) Ерлік деген не?

Туған жерді қорғау, қадірлеу — ерлік. Жақсы оқып, адал еңбек ету — бұл да ерлік.

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың білім деңгейі тексеріліп, ұпай қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады. Жеңімпаздар марапатталады.

Автор туралы мәлімет

Өңір
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Мектеп
Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі
Хидирова Карима Асқарбайқызы

Ескерту: Бұл материал сайыс-сабақ құрылымын үлгі ретінде сипаттайды. Қажет болса, сұрақтар саны, ұпайлау жүйесі және кезеңдер мазмұны сынып деңгейіне қарай бейімделеді.