Шақыру одағайлары
Қазақ тілі (4-сынып): Одағай сөздер
Бұл сабақ одағай сөздердің мағынасы мен қызметін түсіндіруге, оларды сөйлем ішінен дұрыс ажыратуға және орынды қолдануға бағытталған.
Сабақ мақсаты
Оқушыларға одағай сөздер туралы жан-жақты, толық мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді қателеспей табуға машықтанады.
Сабақ жабдығы
Оқулық, дәптер, қажетті құралдар, слайд, үлестірме қағаздар және т.б.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың құрылымы
Психологиялық дайындық
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Сынып топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
- 46-жаттығу: мәтіннен шылауы бар сөйлемдерді теріп жазу.
- Абай, Ыбырай, Әбіш туралы сұрақ-жауап кезеңі.
- Абай мен Әбіш рөлінде диалог құрастыру.
Өткенге шолу: сәйкестендіру тапсырмасы
Тапсырма мақсаты — сөз таптарын еске түсіріп, жаңа тақырыпқа өтуге дайындық жасау.
Жаңа сабақ
Дәптер ауыстырылып, тақтамен жұмыс ұйымдастырылады. Тақырып бойынша топтық жұмыс орындалады.
І топ: ережені түсіндіру
Одағай сөздердің жалпы анықтамасын, сөйлемдегі қызметін және тыныс белгілермен байланысын түсіндіреді.
ІІ топ: сөйлемнен одағайларды табу
Уа, бауырым, амансың ба?
Па, шіркін, жазушыдай суреттеп жібердің ғой өзің!
ІІІ топ: сөйлемге одағай қойып оқу
Балжан-ау, мен ұмытып кетіппін.
Қоңырдың баласысың ба?
Керекті сөздер: әй, япырмай
Мұғалімнің тереңірек түсіндірмесі: одағай түрлері
Одағайлар — адамның көңіл күйін, әсерін, шақыруын, ишаратын білдіретін, сөйлем мүшесі болмайтын сөздер. Төменде одағайлардың негізгі түрлері берілген.
1) Негізгі одағайлар
Ау, па, ей, әй, е, уа, уау; уай, я, пай, ә, о, охо, ой және т.б.
2) Туынды одағайлар
Мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға және т.б.
3) Ишарат одағайлар
Кәне, кәнекей, ал, әйдә және т.б.
4) Жекіру одағайлары
Жә, тәйт, тек және т.б.
5) Жануарларға арналған одағайлар
Шәйт, шек, құрау-құрау, пырс, көс-көс, мох-мох және т.б.
6) Шақыру одағайлары
Ау, ей және т.б.
7) Көңіл-күй одағайлары
Алақай, бәрекелді, ура, әттеген-ай, пішту, бай-бай және т.б.
8) Императивтік одағайлар
Сап-сап, әлди-әлди, әйда, әй-шай және т.б.
9) Тұрмыс-салт одағайлары
Хош, қайыр, ләббай және т.б.