Өзім көрген досым қайда кешегі
Жалғыз
Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен,
Күбірлесіп жүректегі хаттармен.
Неге менің жанымдағы достарым,
Дос болады дүниемен, ақшамен?!
Іздегенде, сағынғанда өздерін,
Тым өзгеріп кеткеніне төзбедім.
Көргім келмей қиналамын сол сәтте
Дүниеге қызығатын көздерін.
Мұң – теңізге тартқанында өз кемім,
Сағынамын жылы шуақ сөздерін.
Сағынамын айдын түстес баладай,
Пенде кейпі кейілмеген кездерін
Дәл осы шақ табылса деп қасымнан
Мен қанша рет суреттерге асылғам
Дос іздеген менің жаңбыр күйім - ай,
Жауып - жауып басылған.
Өзім көрген досым қайда кешегі?
Көкірегімді кермек жасым теседі.
Жүрегімде сақтап келген Адалдық,
Жүрегімде, бәлкім, бір күн өшеді...
Жапырақтар,
Жапырақтар төгілген,
Өзің айтшы, неге бүгін көңіл кем?
Жаңбырымды ертіп алып қасыма
Жалғыз қайтып бара жатам Өмірден...
Автор: Жұлдыз Бейсекова
Мұқағали Мақатаев жайында
Төрт деп қой
Достық
Туған жерге деген қазақы ұғым, қазақы көзқарас
«Бірлік» совхозының директоры болған Сәбит Тілеубердиев әңгімелер
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн
Ұлықбек Есдәулетұлының ақындық мұрасы
Жазғызбадың есті өлең
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі
АҚАНДЫ КӨРГЕН АТА
Адамға талай жерді көрген артық, Танысып әркімдерді білген артық
Әкең қайда, қыз ханым
Мылтығың қайда
Көрінбей қалай жүргенсің бұрын көзіме ерке қыз
Қош келдің досым
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Қалғанын қайда құямыз
Қалғанын Пассук екеуіміз өзіміз көре жатармыз