Жайлау - малды алысқа ұзатып жаятын жайылым

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Конспект
Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге көшіп жүрген.
Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру мен тайпаның маңызды мәселелері шешілген.
Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал қыстауда төлдетіледі.
Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және мал төлдеп жатқан кездегі қора маңындағы жайылым.
Көктеу шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеуде ежелгі мереке – Наурыз мейрамдалған. Бұл мереке бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған. Көктемгі және күзгі жайылымдарда қой мен түйе қырқымы жүргізілген.
Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Жайлауда үйлену тойы, әр түрлі ойын - сауық, ат жарысы, күрес өткізілген және жыршылардың жыры, ақындар айтысы тыңдалған. Қысқы азық - түлік әзірленген.
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болған.
Таза көшпелі тұрмыс – еліміздің батысы мен орталық аудандарында қалыптасқан.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Қазақстанның шығысында, Алтай мен Тянь - Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыды.
Отырықшылық – оңтүстіктегі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында болған.
Киіз үй екі бөліктен – ағаш қаңқадан және жабуға арналған киізден құралған.
Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің негізі, уық – керегеге байланып, шаңырақты көтеріп ұстап тұратын бөлігі, шаңырақ – дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалған төбесі. Көшпелілер киіз үй ішіндегі ошақты киелі санаған.

Конспект сұрақтар
1. Киіз үйдің негізгі бөлігі:
2. Батыс және Орталық Қазақстанда қалыптасқан шаруашылық түрі:
3. Жайлаудағы мал жаю тәсілі:
4. Наурыз мейрамы пайда болды:
5. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші - қон түрлері:
6. Қыстау дегеніміз:
7. Көшпелілердің негізгі баспанасы:
8. Қанша үй ауылды құраған:
9. Қай жайылымда малды алысқа шығарып жаятын болған:
10. Киіз қандай негізі 2 бөліктен құралған:
Тақырыптың тесті

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі. жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Жерге орналастыруды жобалау
Алматы облысы Ескелді ауданы
Қойларды ұстау жүйелері
Өскемен аймағындағы ұсақ малдарға арналған мал қорасының жобасы
Семей аймағындағы қой малына арналған қораның жобасы
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Қой малын өсірудің гигиенасы
ҚТС жалпы номерлік сыйымдылығы және минималды материалды шығынға сай РАТС-тың оптималды сыйымдылығы таңдалын
Малдың өсіп-жетілуіне ортақ заңдылықтары
Ерте, ерте, ертеде, ел әлденеше хандыққа бөлінген заманда, жаз жайлауда өзен жағасына малын қатар жусататын екі қойшы болыпты
Қызды үйінен ұзатып салу ата - ана үшін өте үлкен бақыт
Малдың астында қал
Жұмыртқа жасушасы ( овоцит ) цитоплазмасының анимальды полюсінде сарыуыз қоры тым аз мөлшерде болуы болмаса тіптен болмауы да мүмкін
Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты
Амфибластуланың жоғарғы анимальды полюсі майда бластомерлерден (микромерлерден), ал төменгі вегетативті полюсі - цитоплазмасы сарыуызға бай ірі бластомерлерден (макромерлерден) тұрады
Төрт түлік малдың бір - біріне адалдығы, мейірбандығы, достығы, тектілігі адам баласын таң қалдырмай қоймайды
Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауында ғұмыр кешкен