Етістіктің сұрақтары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мұғалім
Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы (Сымбат ЖМ), бастауыш сынып мұғалімі
Пән
Қазақ тілі
Тақырып
Зат есімді қайталау
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Көрнекілік
Слайд-презентация
Әдіс-тәсілдер
- Баяндау, талдау
- Венн диаграммасы, топтастыру
- «5 жолды өлең» әдісі
Міндеттері мен мақсаттары
Сабақтың міндеті
Сөз таптары мен зат есім туралы түсініктерін нақтылау, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаттары
- 1 Зат есім, оның сұрақтары, жалқы есім мен жалпы есім, олардың жазылу емлесі туралы алған білімдерін кеңейту. Теориялық білімді практикалық тұрғыда тексеріп, ойды мысалдар арқылы дәлелдеуге үйрету.
- 2 Оқушылардың ойлауын дамыту, сөздік қорын молайту.
- 3 Ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінуге және оны өзгеге жеткізе білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басындағы көңіл күй
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Ортақ ұстаным
Мақсатымыз — білім алу, міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!
Мұғалім сөзі: «Ана тілін білмейінше, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес», — деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу үшін қазақ тілінің үйрететін мәселелерін зер салып меңгеруіміз қажет.
Топқа бөлу және жұмыс ережелері
Топтар
- 1-топ: Зат есім
- 2-топ: Сан есім
- 3-топ: Сын есім
- 4-топ: Етістік
Әр топтан топ басшысы сайланады.
«Алтын ереже»
- Басқаның пікірін сыйлау.
- Уақытқа бағыну, регламент сақтау.
- Тапсырмаларды тиянақты орындау.
- Шынайы түрде формативті бағалау.
- Сыныпта және топта тәртіп сақтау.
Сабақтың құрылымы
1) «Зымыран сұрақтар»
Өткен материалды жылдам қайталау, негізгі ұғымдарды еске түсіру.
2) «Ойлы болсаң, озып көр»
Жұптық тапсырма арқылы «кім? не?» сұрақтарын ажырату.
3) «Сөз ойла, тез ойла»
Жедел ойлау мен сөздік қорды дамытуға арналған бөлім.
4) «Білгенге маржан»
Оқулықпен жұмыс: негізгі және туынды зат есімдерді ажырату.
5) «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ұяшықтан шыққан сөздерге сұрақ қойып, мағынасына талдау жасау.
1) «Зымыран сұрақтар»
- Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бір бөлігі қалай аталады?
- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Қосымшаның неше түрі бар?
- Сөз таптарын ата.
- Зат есімнің сұрақтары қандай?
- Сын есімнің сұрақтары қандай?
- Сан есімнің сұрақтары қандай?
- Етістіктің сұрақтары қандай?
2) «Ойлы болсаң, озып көр» (жұптық жұмыс)
Шарты
«Кім?», «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.
Сөздер кестесі
| Сөздер | Кім? | Не? |
|---|---|---|
| Биік | — | — |
| Ұқыпты | — | — |
| Ұшқыш | ||
| Алмұрт | ||
| Күшті | — | — |
| Қызғалдақ | ||
| Әдемі | — | — |
| Әкелді | — | — |
| Қайшы | ||
| Келді | — | — |
| Суретші |
Ескерту: оқушылар «кім?» және «не?» бағандарын өздері толтырады.
Тұжырым
Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, әншілер, кеме, ағаштар.
Актуалдау: сөздік қорды кеңейту
Адамға қатысты атаулар
Мұғалім, дәрігер, әнші, биші, аспазшы.
Ыдыс-аяқ атаулары
Кесе, қасық, айыр, ожау, қазан, тәрелке, табақ.
Жемістер атауы
Алма, қауын, қарбыз, жүзім, алмұрт.
Жануарлар және құстар
Жануарлар: түйе, қой, сиыр, жылқы, ешкі.
Құстар: бұлбұл, торғай, қарға, сауысқан, бүркіт.
Мағынаны тану кезеңі: жаңа сабақ
Күн жадын жазу
Оқушылар дәптеріне күнді, тақырыпты жазады.
Көркем жазу
«З» әрпін көркем жазу арқылы жазылым дағдысын бекіту.
4) «Білгенге маржан» (оқулықпен жұмыс)
1-жаттығу
Шарты: негізгі зат есім болса — бір шапалақ, туынды зат есім болса — екі шапалақ.
3-жаттығу
Негізгі зат есімдерге жақша ішіндегі -шы, -ші жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.
5) «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Шарты
Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді?
Берілген сөздер
Тақырыптық байланыс: Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған деректермен ұштастыру.
Бекіту және рефлексия
Бекіту
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы қорытындылау.
Рефлексия: «Бағдаршам»
- Жасыл: Маған сабақ ұнады.
- Сары: Сабақта қиындықтар кездесті.
- Қызыл: Сабақты түсінбедім.
Үй тапсырмасы
Тапсырма
107-бет, 4-жаттығу.
Қосымша
Слайдты жүктеу.