Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сілтемелер
-
• 5-сынып оқулығы
-
• Стендтер (кабинеттегі көрнекі материалдар)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Информатика кабинетінде қойылатын талаптарды түсіндіру; қауіпсіздік ережелерін үйрету; шаршаған жағдайда орындалатын жаттығуларды меңгерту; жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға бағыттау.
Дамытушылық
Практикалық дағдыларды дамыту; өз бетінше жұмыс кезінде білімін тиімді қолдануға үйрету; пәнге қызығушылықты қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
-
Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі.
-
Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
-
Жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
-
Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережелерін біледі.
-
Апаттық жағдайларда орындалатын қауіпсіздік әрекеттерін меңгереді.
-
Көзге арналған арнайы жаттығуларды орындауды үйренеді.
Түйінді идеялар
Әдіс-тәсілдер
АКТ
Бейнематериал, электронды оқулық және көрнекі құралдар арқылы түсіндіру.
ЖИГСО-1
Топ ішінде рөлдерге бөліп, мәтінді өзара оқыту және жинақтау.
Диалогтық оқыту
Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау, нақтылау және қорытындылау.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
2 минутМұғалімнің іс-әрекеті
- Сәлемдесу.
- Сыныпты ұйымдастыру.
- Топқа бөлу.
- Сабақ жоспары мен кезеңдерімен таныстыру.
- Бағалау парағын таныстыру.
- Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
Оқушының іс-әрекеті
- Сәлемдеседі.
- Өзін ретке келтіреді.
- Топқа бөлінеді.
- Құрал-жабдықтарын (кітап, дәптер, қалам) дайындайды.
Үй тапсырмасын тексеру
7 минутСұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілдері қолданылады.
Қызығушылықты ояту
2 минут5-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериалда мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылады.
Мағынаны тану
Кіріспе бөлімМұғалім жаңа тақырыпқа шығып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін нақтылайды.
ББҮ (Білемін – Білгім келеді – Үйрендім)
2 минутОқушылар тақырып бойынша бастапқы білімін белгілеп, сұрақтарын құрастырады және сабақ соңында үйренгенін қорытындылауға дайындалады.
Сабақтың негізгі бөлімі
20 минутТопқа бөлу және ұйымдастыру
Сынып «Пирамида», «Бәйтерек» және «Мәңгілік ел» суреттерінің қиындысы арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ басшысы сайланады. Әр оқушыға бағалау парағы таратылады, сабақтың өту шарттары түсіндіріледі.
Оқулықпен жұмыс
5-сынып оқулығындағы «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбы оқытылады.