Дауысты дыбыстарды жазып шық
Сабақ туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
- Пән мұғалімі
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
- Сабақтың тақырыбы
- Жаттығумен жұмыс
- Сабақтың типі
- Қайталау
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, талдау
- Көрнекілік
- Деңгейлік тапсырмалар
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін қорыту.
- Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: кешенді талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен сәлемдесу.
- 2 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- 3 Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
II. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Тақырып: Дауысты дыбыстар
1-нұсқа
ТапсырмаларI деңгей
- Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
- Дауысты дыбыстарды жазып шық.
-
Мәтіндегі дауысты дыбыстардың астын сыз:
Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара-тұра ән салып, кішіпейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шерткен. Ақтоқты, Ұрқия, Жамалдардың қайғысын айтып, ара-тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен.
С. Жүнісов
II деңгей
-
Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі сызықпен сыз:
Ағайдың биыл отыз жеті мүшеліне толып, кемеліне келген кезі. Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға-жеңіне зер тұтқан жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр.
Қ. Жұмаділов - Мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір; ашық және қысаң дауыстыларды көрсет.
-
Мәтінде не туралы айтылған? Өз ойыңды жалғастырып жаз:
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін? Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
III деңгей
- Екі шумақ өлең жазып, ішіндегі еріндік дауыстылардың астын бір, езулік дауыстылардың астын екі сызықпен сыз.
-
Дауысты дыбыстарға жұмбақ құрастыр:
Үлгі: Көкте бар, жерде жоқ. Көзде бар, қолда жоқ. (Ө)
- «Жеті жарғы» ережелері туралы не білесіңдер?
2-нұсқа
ТапсырмаларI деңгей
- Дауысты дыбыстар деген не?
- Жуан және жіңішке дауыстыларды жаз.
-
Мәтіндегі сөздерді жақтың қатысына, сондай-ақ ерін мен езудің қатысына қарай топтастыр:
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссең, сөз жоқ жеңіске жетесіздер. Сіздің мінез-қасиетіңізде адамгершілік бірінші орын алса, шыншыл, батыл, тиянақты, жігерлі әрі кішіпейіл адам болар едіңіз.
Қ. Сәтбаев
II деңгей
- Ашық, қысаң, езулік, еріндік дауыстыларды жазып шық.
- (У) дыбысының ерекшелігін түсіндіріп, мысал келтір.
-
Төмендегі кейіпкерлер қай шығармадан? Сол шығарма туралы білгеніңді жаз:
Ұлжан, Зере, Барлас, Байкөкше.
III деңгей
- Дауысты дыбыстардың басты ерекшелігін түсіндіріп, мысалмен дәлелде.
-
Тіл туралы айтылған ұлағатты ойларды жаз және сол сөздердегі дыбыстарды дауысты дыбыстардың түрлеріне қарай топтастыр:
Үлгі: «Тіл жоқ жерде — ұлт жоқ» (Ш. Айтматов)
Жуан
о, ұ
Жіңішке
і, е
Ашық
о, е
Қысаң
і, ұ
Езулік
і, е
Еріндік
ұ, о
Үй тапсырмасы
1) Өлеңнің авторы кім?
«Отырардың күйреуі» тақырыбында әңгіме жаз.
Алты ай бойы ерлік салтқа орын берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар —
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
2) Фонетикадан өткенді қайталау.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.