Артикльді және сілтеу есімдігін қолданып сұрақ қоюды және жауап беруді үйрену
Тақырыптар
1) What’s this?
2) Have you got a camera?
3) What is your mother like?
4) What time is it?
5) Орта мерзімді жоспарлау
6) Қысқа мерзімді жоспар
Пән
Ағылшын тілі, 5-сынып
Сабақ тақырыбы
Unit Three. Step One. “What’s this?”
Сілтеме
Жоспар
Сабақ мақсаты
- “What is this?” тақырыбы бойынша мәлімет беру.
- Артикльдер мен сілтеу есімдіктерін қолданып сұрақ қоюды және жауап беруді үйрету.
- Оқушыларды топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Білім
Оқушылар “What is this?” тақырыбы бойынша ағылшын тілінде түсінік қалыптастырады.
Дағды
Жаңа сөздерді оқып, a/an артикльдерін және this/that сілтеу есімдіктерін қолдана отырып сөйлем құрайды. Түстердің ағылшын тіліндегі атауларын меңгереді.
Құндылық
Топта бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін дамытады.
Негізгі идеялар
Артикльдер екіге бөлінеді: a/an және the. An дауысты дыбыстан басталатын сөздердің алдында қолданылады, ал a дауыссыз дыбыстан басталатын сөздердің алдында қолданылады. The көбіне белгілі, нақты зат туралы айтқанда қолданылады.
Тапсырмалар
- Ой қозғау (сұрақ–жауап).
- Топтық жұмыс (концептуалдық кесте, сызба).
- Жұптық жұмыс (“Пилот–штурман”).
- АКТ қолдану (слайд).
- Жеке жұмыс (кеңейтілген тапсырма).
Сабақ барысы (мұғалімнің жазбалары)
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
- Сәлемдесу.
- Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
- Түстерді таңдау арқылы 2 топқа бөлу.
- “Блоб ағашы” арқылы оқушылар өз деңгейін белгілейді.
II. Талқылау сұрақтары
6 минут
Answer the following questions:
- Is it a pencil?
- What is that?
- What colour is your pen?
Осылайша, бүгінгі тақырыбымыз: “What’s this?”
III. Топтық жұмыс: концептуалдық сызба және кесте
15 минут
1-топ
A/An артикльдерін түсіндіреді және оқу құралдарының аудармасын концептуалдық сызба түрінде жазады.
2-топ
This/That сілтеу есімдіктерін түсіндіреді және түстердің аудармасын концептуалдық кесте түрінде жазады.
Топтағы рөлдер
Оқушылар 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өз рөлінің міндетін орындайды. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.
Бағалау
Баяндамашылар жұмыстарын қорғайды. Топтар өзара бағалауды “Екі жұлдыз, бір ұсыныс” әдісі арқылы жүргізеді.
IV. Жұптық жұмыс: “Пилот–штурман”
10 минут
Артикльдер мен сілтеу есімдіктерінің қолданылуын жұпта талдап, қысқаша түсіндірме жазады.
V. Жеке жұмыс: кеңейтілген тапсырма
10 минут
1) Сәйкестендіріңіз
- Ручка — a pen
- Кітап — a book
- Дәптер — a notebook
- Өшіргіш — a rubber
- Сызғыш — a ruler
- Карандаш — a pencil
- Орындық — a chair
- Үстел — a table
- Компьютер — a computer
- Калькулятор — a calculator
Түстер
2) Қазақ тіліндегі сөздерді ағылшын тіліне аударыңыз
3) Ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз
Жоғарыда берілген сөздерді кері бағытта аударып жазыңыз (English → Қазақша).
Кері байланыс
3 минут
Рефлексия тақташасы арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін, түсінгенін және сұрақтарын жазады.