Мерей әжесі Қалаш апамен
Шара туралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы ұсынған сценарий.
«Ана — ән, бала — оның қайырмасы» атты отбасы сайысы №9 «Балауса» балабақшасының «Балдырған» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен өтеді.
Жүргізушінің құттықтауы
Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар! «Ана — ән, бала — оның қайырмасы» атты отбасы сайысына қош келдіңіздер!
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бақытты балдәурен — баланың ең бақытты, ең алаңсыз кезі. Біз тәрбиеленуші ұлдарымызбен қатар, қыздарымыздың да заман талабына сай ақылды, парасатты, тәрбиелі болып өсуін қалаймыз.
Бүгінгі мерекелік сайысымызды ашу үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.
Сайыскерлер
Жүргізуші: «Уа, халайық, халайық, бәріміз назар салайық! 8-наурыздың сайысын біз бастайық!» — деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
- Тахмина — анасы Дана
- Ақнұр — анасы Айгүл
- Мерей — әжесі Қалаш апа
- Еңлік — тәтесі Мираш
- Расул — анасы Айгүл
- Назым — анасы Мәуегүл
Әділқазылар алқасы
Бүгінгі сайысқа баға беретін әділқазылар алқасын сайлаймыз:
- 1________________________
- 2________________________
- 3________________________
Сайыс кезеңдері
Сайыс басталмас бұрын шарттарымен таныстырайық:
-
1) Өзін-өзі таныстыру
Қатысушылар өздерін және отбасы мүшелерін таныстырады.
-
2) Өз өнерін көрсету
Ән, би, көркем сөз секілді өнерін паш етеді.
-
3) Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап
Қазақтың салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап береді.
-
4) Қонақ күтуге дайындық
Салат/тағам әзірлеу, қонақ күту әдебі және ат қоюдың мәнін түсіндіру.
-
5) Үй тапсырмасы
Қолөнер бұйымдарын ұсыну.
Кезеңдердің жүргізілуі
I кезең — Өзін-өзі таныстыру
Жүргізуші: «Білім, ғылым, өнерге қанат қағар кездерің, ата салтын ертеңге жеткізетін — өздерің» — деп бірінші бөлімді бастайды.
II кезең — Өнер көрсету
Жүргізуші: «Өнерпаздар ортамызда, өнерлерін көрсетер. Әділқазы таразылап, бағасын берер» — деп екінші бөлімге кезек береді.
III кезең — Салт-дәстүр сұрақтары
Жүргізуші: «Салт-дәстүрім — халқымның мұрасы. Ата салтын ұстанар ұрпақ — біздің» — деп сайыстың үшінші бөліміне шақырады.
IV кезең — Қонақ күтуге дайындық
Жүргізуші: «Анасына қолғанат — барлық істе балақан. Қонақ күтіп, ас қамдау — үйренеді анадан» — деп тапсырмаларды түсіндіреді.
V кезең — Үй тапсырмасы (қолөнер)
Жүргізуші: «Қолөнерде шеберміз, барлық істе өнерміз. Тапсырманы орындап, алқаларға береміз» — деп қатысушылардың жұмыстарын әділқазыларға ұсынады.
Мерекелік өлеңдер
Әділқазылар бағаларын шығарар уақытта «Балдырған» тобының бүлдіршіндері мерекелік өлеңдерін оқиды.
Динара
Жыл басы — Наурыз мереке, Ақнұрға әлем боялды. Аналар тойы — береке, Тіршілік жаңа оянды.
Нұрдаулет
Мейірімді, сымбатты, Қадірменді, қымбатты. Ең жақын жан балаға Кім десеңдер — ол Ана.
Перизат
Ана — біздің күніміз, Ана — біздің гүліміз. Анамыздан тарайды Біздің ана тіліміз.
Дамир
Ең қымбатты өмірде Ана екенін біліңіз. Ана жанын түсініп, Ойнаңыз да, күліңіз.
Мерей
Құтты болсын, ақ әжем, 8-наурыз мейрамың! Қасымда бол әрқашан, Жансын жарық жұлдызың!
Ернұр
Еркелесем — күнім дейді, Ұрысқаны білінбейді. Маңдайымнан иіскеп мені, «Құлыншағым, күнім» дейді.
Аяжан
Сенен өскен балалар — Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар!
Мағауия
Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.
Дильназ
Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым. Өзің жайлы әнімде Арнадым саған бәрін де.
Хор
«Туған күніңмен» әні орындалады.
Қорытынды және марапаттау
Жүргізуші: «Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар» демекші, сайысымыздың әділ бағасын жариялау үшін сөзді әділқазыларға береміз.
Марапаттау рәсімі өткізіледі.