Ілияс Жансүгіров жайлы мәлімет беріп, малта өлеңінің мазмұнын ұғындыру

Сабақтың міндеттері

Негізгі оқу міндеттері

  • «Малта» сөзінің мағынасын түсінеді және интерактивті тақтамен жұмыс істей алады.
  • Мәтіннің мазмұнын жүйелі түрде айтып бере алады.
  • Өлең, мақал-мәтелдер арқылы ой бөлісіп, мәтін мазмұнымен байланыстыра алады.
  • Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоюға және өз пікірін дәлелдеуге дағдыланады.

СТО (сыни тұрғыдан ойлау) міндеті

Негізгі мәселені жеке, жұппен және топпен талдап, анықтай алады.

Әдіс-тәсілдер

Топтастыру Болжау «Әдебиет үйірмесі»

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Дайындық

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа даярлықты тексеру.

2) Психологиялық дайындық

«Сендерді өмірде не таңғалдырады?» деген сұрақ арқылы әңгіме өрбиді. Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Мұғалім күнге таңғалатынын айтады: ол нағыз сиқыршыдай жылы, мейіріммен сәлемдескендей әсер қалдырады.

Ортақ әрекет

Оқушылар қолдарын «күнге» созып, оның жомарт сәулелері ананың нәзік қолындай аялап, жылытып тұрғанын елестетеді. Күн жүректегі өкпе мен мұңды ерітіп, ішкі жылуды оятады.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді —
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Осы жылумен сабақ басталады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Комбайншы» өлеңін жатқа айту.
  • Тақтадағы сурет бойынша комбайншы еңбегі туралы әңгімелеу.

III. Қызығушылықты ояту

Талқылау сұрағы

«Ас атасы не? Ол қалай жасалады?» — сұрақтарына жауап ізделеді.

1) Жеке жұмыс

Оқушы өз ойын жазады немесе ауызша айтады.

2) Жұптық жұмыс

Екі оқушы пікір алмасып, ортақ жауапты нақтылайды.

3) Топтық жұмыс

Топ пікірі тыңдалып, тақтадағы сызба соған сай толтырылады.

Үлгі жауап (сызбаға енгізу)

  • Бидай ұнынан нан пісіріледі.
  • Нан еңбекпен жасалады.
  • Бидай диірменге тартылады.
  • Бидай қуырылады.

IV. Мағынаны тану

Топтастыру стратегиясы

«Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз?» сұрағына жауап ізделеді. Жеке, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылып, әр топ өз пікірін қорғайды.

Тақтадағы суреттер мен І. Жансүгіров портреті арқылы оқушылардың мәліметі толықтырылады.

V. «Малта» тақырыбын ашу

Интерактивті түсіндіру

Интерактивті тақтадағы суреттер арқылы түсіндіріледі: күбі, қазан, сөре, ана бейнесі, сүзілген қаптағы құрт.

Сұрақтар

  • «Малта» сөзін естіп көрдіңдер ме?
  • Суреттер нені аңғартады?

Сергіту сәті

Тақтада табиғат көрінісі беріледі. Оқушылар соған қарап қимыл-қозғалыс жаттығуын орындайды.

Біз өзенге тез жеттік,
Еңкейдік те жуындық.
1, 2, 3, 4 —
Жан сергітіп, қуандық.

Ал жүзейік бірлесе,
Қолды былай сермесе.
Дельфиндерше сап түзеп,
Жағаға қадам аттадық,
Үйімізге аттандық.

Мәтінмен жұмыс: «Болжау» тәсілі

Мұғалім мәтінді бөліп-бөліп оқиды. Әр шумақтан кейін оқушылар:

Не болады деп ойлайсың?

Келесі шумақта не болатынын болжайды.

Оған дәлел

Болжамын мәтін үзіндісімен немесе логикамен негіздейді.

Не болды?

Оқылған бөліктен кейін нәтижені нақтылайды.

Осы әдіс арқылы мәтіннің мазмұны біртіндеп меңгертіледі. Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.

VI. Сөздік жұмысы

Тақтадағы сөздіктер

Оқушылар сөздерді оқып, мағынасымен танысады.

Жұмыршақ
Кедір-бұдыры жоқ, жұп-жұмыр.
Сөре
Бірнеше қатардан тұратын, құрт жаятын орын.
Өре
Құрт, ірімшік, жеміс-жидек т.б. тағамдарды кептіруге арналған, шиден тоқылған сөре.
Шым-шым су
Ыстық су.
Сыбану
Жеңін түріп алу.

VII. Ой толғаныс

«Әдебиет үйірмесі»

Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ өз рөлі бойынша тапсырма орындайды, соңында топ пікірі тыңдалады.

Зерттеуші

Малта қалай жасалады?

Сөз тапқыш

Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айтып, мағынасын дәлелдеу.

Сұрақ қоюшы

Мәтін бойынша сұрақтар дайындау.

Бейнелеуші

Мәтін мазмұнына байланысты тақтаға сурет салу.

Рефлексия

«Бүгінгі сабақта мен нені білдім?» сұрағы төңірегінде әр оқушы өз ойын айтады. Оқушылардың білімі бағаланады.

Үйге тапсырма

  • «Малта» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • Сүттен тағы қандай тағамдар жасалатынын зерттеп келу.