Допты аяқ арасына қысып, кедергілер арасынан алып жүру
Іс-шара туралы
Автор
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі — Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы.
Тақырып
«Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары» — отбасылық эстафеталық жарыс.
Өткізілген орны
Спорт залы.
Өткізілген уақыты
19.10.2012 ж.
Жауапты
Сәдуақас Ғабдолла.
Мақсаты
Бұл шара отбасылық құндылықтарды дәріптеп, балалардың спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын нығайтуға бағытталған.
Тәрбиелік бағыт
- Тәрбиенің негізі отбасынан басталатынын түсіндіру.
- Жарыс арқылы баланың қабілеті мен ерекшеліктерін ата-анаға айқын көрсету.
Дамытушылық бағыт
- Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру, спорт түрлерін еркін ойнауға үйрету.
- Ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар
Өту барысы
Қош келдіңіздер
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары» атты отбасылық жарысқа қош келдіңіздер!
Ортаға жарысқа қатысушы отбасылар шақырылады. Әділ-қазылар алқасы таныстырылады, әр отбасы өз командасымен қысқаша таныстырады.
Ойын шарттары (эстафеталық кезеңдер)
-
1-кезең: Доппен кедергіден өту
Қимыл үйлесіміДопты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасымен алып өту.
-
2-кезең: Баскетбол + футбол комбинациясы
ШапшаңдықБаскетбол добын кедергілер арасымен қолмен жерге ұра отырып апару; қайтарда футбол добын аяқпен кедергілер арасымен алып келу.
-
3-кезең: «Сенбілік» ойыны
ҰқыптылықШеңбер ішіндегі шариктерді кедергілер арасымен жинау. Соңғы ойыншы жиналған шарикті сыпырғымен кедергілер арасымен алып өтеді.
-
4-кезең: «Қаңбақ шар»
ТөзімділікБала шарды кедергілер арасымен басымен ұра отырып жүргізеді. Әкесі мен анасы үрленген шарды ауада үрлеу арқылы бір-біріне жеткізіп алып жүреді.
-
5-кезең: Сұрақ-жауап
Ой ұшқырлығыҚатысушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
-
6-кезең: Күш пен тепе-теңдік
Ептілік- Әке: гір көтеру.
- Ана: ракеткамен шарикті алып жүру.
- Бала: кітапты басына қойып жүру.
-
7-кезең: Арқан тарту
Командалық рухКомандалар арқан тарту ойынында күш сынасады.
-
8-кезең: Бірлескен ұзындыққа секіру
ҮйлесімҚатысушылар бір-біріне жалғаса отырып, ұзындыққа секіреді.
-
9-кезең: Қосымша тапсырма
ШапшаңдықӘке мен ана допты бастарымен қысып, кедергілер арасымен жүреді. Бала секіртпемен (скакалка) секіреді.
Ән жолдау
Жарыс барысында қатысушылардың көңіл-күйін көтеру және ынтымақтастықты арттыру мақсатында ән жолдау ұйымдастырылады.
Қорытынды
Ойын нәтижесі бойынша әділ-қазылар алқасы топтық сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаз отбасын жариялайды.