Аққала биі
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Аудандық «Шұғыла» балабақшасы • ІІ санатты тәрбиеші Қожамұратова Гүлім Аққала
Іс-шара барысы
Балалармен бірге қысқы орманға серуен ұйымдастырылады. Жол үстінде тәрбиеші балаларды бақылауға, байқағанын айтуға, сұрақ қоюға және жауап беруге жетелейді.
Серуенге шығу
Тәрбиеші:
Балалар, бүгін орманға серуенге шығуға дайынсыңдар ма?
Балалар:
Дайынбыз.
Тәрбиеші:
Онда орманға серуенге кеттік. Мына жерде қар қалың екен. Қарда іздер бар. Сол іздің үстімен жүрейік. (ізбен жүру)
Алдымызда дөңес жол бар екен. Енді осы дөңестің үстімен абайлап, жай жүріспен жүрейік.
Тәрбиеші:
Айналаларыңа қараңдаршы, жердің бетін не жапқан?
Балалар:
Қар.
Таңғажайып сәт
Қар жауады. Балалар әсерленіп, жоғарыға қарайды.
Тәрбиеші:
Жоғары қараңдаршы, не жауып жатыр?
Балалар:
Қар.
Тәрбиеші:
Қар қандай?
Балалар:
Ақ, жұмсақ, мұздай салқын.
Тәрбиеші:
Қарды қолғапсыз ұстауға немесе жеуге бола ма?
Балалар:
Жоқ, болмайды.
Тәрбиеші балалардың жауабын бекітіп, қарды жеудің зиян екенін еске салады: қар жесек ауырып қаламыз.
Тәрбиеші:
Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
Балалар:
Қыс мезгілінде.
Қыс туралы тақпақтар
Балалар қыс мезгілі жайлы жаттаған өлеңдерін кезекпен айтады.
Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Жон аппақ түске енді, Аралап қайтайық Ақ күміс бақтарды.
Қысым-ау, қысым-ау, Жібердің қысып-ақ. Қалмаспыз біз деген Боранға ұшырап. Аппақ қар жауа бер, Риза ғой саған ел.
Шыңдарды, құздарды Шаңғымен сызалық. Елемей ызғарды, Жаңа жыл бәйгесін Келейік біз алып.
Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болып қатады, Жып-жылтыр боп жатады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау — танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Жұмбақ және кейіпкердің келуі
Тәрбиеші:
Енді сендерге жұмбақ өлең жасырайын. Ойнаңдар да ойлаңдар:
Сәбіз мұрын кімде бар? Шелек киген басына, айтыңдаршы, балалар!
Балалар:
Айтамыз біз, айтамыз, Аппақ қардан жасаймыз. Шыдайды ол аязға — Көңілді ол: аққала, аққала!
Аққала кіреді
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Дауыстарыңды естіп, осында келдім. Мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, таныдық. Сіз аққаласыз.
Аққала: Мен ертегілер еліндегі аққаламын. Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан.
Аққала:
Мен неше бөліктен тұрамын?
Балалар:
Үш бөліктен.
Аққала:
Қане, саусақтарымызбен көрсетейік. Бөліктерім қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Балалар:
Дөңгелек.
Аққала:
Дөңгелектердің көлемінде қандай айырмашылық бар?
1-дөңгелек — үлкен, 2-дөңгелек — кішілеу, 3-дөңгелек — кішкентай.
Аққала балаларды мадақтап, олардың тапқыр екенін атап өтеді.
Әндер, би және ойындар
Хор
«Аққала» әні
Балалар Аққаланың көңілін көтеру үшін ән орындайды. Аққала ризашылығын білдіреді.
Жұмбақтар
- Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (Мұз)
- Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем. (Шана)
Ортақ әрекет
Тосын сый: аққала құрастыру
Тәрбиеші Аққалаға тосын сый жасауды ұсынады: Аққала көзін жұмып тұрғанда, балалар бірге аққала құрастырады.
Достық
Мақал-мәтелдер
- «Ақуды атпа, досыңды сатпа!»
- «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.»
- «Досы көпті жау алмайды.»
- «Жақсы дос үшін жан пида.»
Хор
«Тату доспыз бәріміз»
Жеке ән
«Ақ тиін»
Би
«Петрушка»
Қар атысу ойыны
Ойын шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз межесіне дәлдеп «қар» лақтырады. Тәрбиеші балаларды мадақтайды, ал Аққала олардың ұйымшылдығына қуанады.
Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мені өте қуанттыңдар. Сондықтан сендерге өз сыйлығымды бергім келеді.
Аққала балаларға сыйлықтарын таратады.
Қорытынды бөлім
Іс-шара соңында балалар Аққаламен бірге «Аққала биін» билеп, көңілді атмосферада қоштасады.
Нәтиже
- Балалар қыс мезгілі мен қардың қасиеттерін бақылап, өз сөздерімен сипаттады.
- Сұраққа жауап беру және әңгімеге араласу дағдылары белсендірілді.
- Өлең, ән, би және ойын арқылы шығармашылық белсенділік артты.
- Достық туралы мақал-мәтелдер арқылы құндылықтарға назар аударылды.