Ұшақ ұшуға әзір

Сабақтың тақырыбы

Буын түрлеріне арналған жаттығу және талдау жұмыстары (қазақ тілі, 5-сынып).

Мақсаты

  • Оқушылардың өткен сабақтарда алған теориялық білімдерін бекіту.
  • Есте сақтау және елестету қабілеттерін дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тіл байлығын жетілдіру.
  • Туған елін, Отанын сүюге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы, саяхат сабағы.

Сабақтың әдістері

Баяндау, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап, СКТ.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта (слайд).

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (саяхат-сабақ)

Мұғалім оқушыларды «әуе сапарына» шақырып, Атырау – Астана бағыты бойынша ұшатын Air Astana әуе рейсіне қош келдіңіздер деп қарсы алады. Әр оқушының «ұшу билеті» болады: билеттерде тапсырмалар берілген. Мақсат — тапсырмаларды орындап, «Астананы тамашалауға мүмкіндік алу».

Ескерту

«Жолаушылар, қауіпсіздік белбеулерін тағып, орындарыңызда қозғалмай отыруларыңыз сұралады». Капитанға: «Жолаушылар тапсырманы ойдағыдай орындады. Ұшақ ұшуға әзір».

Жергілікті уақыт
09:20
Ұшу уақыты
45 минут

№1 тапсырма: сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың дыбыстар мен буын түрлері бойынша алған білімдері пысықталады:

  1. 1. Үнді дауыссыздарды атаңыз.
  2. 2. Ашық дауыстылардың ережесін айтыңыз.
  3. 3. «Атамекен» сөзінде неше буын бар?
  4. 4. Еріндік дауыстыларды атаңыз.
  5. 5. «От» сөзі буынның қай түріне жатады?
  6. 6. Ұяң дауыссыздарды атаңыз.
  7. 7. «Отаным» қандай буынды сөз?
  8. 8. Қатаң дауыссыздардың ережесін айтыңыз.
  9. 9. Қысаң дауыстыларды атаңыз.
  10. 10. «Лақ» сөзі буынның қай түріне жатады?
  11. 11. Үнді дауыссыздардың ережесін айтыңыз.
  12. 12. Ашық дауыстыларды атаңыз.
  13. 13. «Әке» сөзі буынның қай түріне жатады?
  14. 14. Еріндік дауыстылардың ережесін айтыңыз.
  15. 15. Жуан дауыстыларды атаңыз.
  16. 16. Ұяң дауыссыздардың ережесін айтыңыз.
  17. 17. Ашық буын дегеніміз не?
  18. 18. Қатаң дауыссыздарды атаңыз.
  19. 19. Қысаң дауыстылардың ережесін айтыңыз.
  20. 20. «Білім» қандай буынды сөз?

Тапсырмалар орындалған соң мұғалім «ұшу» барысын жалғастырып, келесі жұмыс түрлерін осы уақыт ішінде кезең-кезеңімен ұсынатынын айтады.

Астана туралы қысқаша мағлұмат

Астана — Қазақстанның жаңа астанасы, әлем халқына бейбітшілік, ізгілік және ынтымақтастық идеясын ұсынатын мемлекеттің жүрегі. Жас қала қазіргі заманның үздік жетістіктерін өткеннің және келешектің бай мұрасымен ұштастырады.

  • Әсем субұрқақтары арқылы танымал.
  • Бейбітшілік пен келісім сарайымен (пирамида) әйгілі.
  • «Хан Шатыры» ойын-сауық орталығымен көпшілікке таныс.

Автор туралы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Опа Анар Жасұланқызы.