Жақсы қасиеттер
Ата-анамен жүргізілген тренинг
Кіріспе бөлім
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы — «Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс».
Отбасы — өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін құндылық. Ол — баланың өсіп-жетілетін, мінезі қалыптасатын, өмірге көзқарасы айқындалатын ең маңызды орта.
Екі адамның некелесуі толық отбасы болудың бастауы ғана. Ал шаңыраққа сәби келіп, оның тәрбиесі мен дамуына ортақ жауапкершілік артылған сәтте отбасының мәні тереңдей түседі.
Бүгінде көп ата-ананың бірінші мақсаты — қаражат табу, балаларын ештеңеден тарықтырмау. Алайда күнкөріс қамымен жүріп, бала тәрбиесіне уақыт бөлу азайып кететін жағдайлар кездеседі. Ал тәрбие отбасынан басталады және сол жерде қалыптасады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жақсы да, жаман да дағдылар ең алдымен үй ішінде орнығады. Отбасындағы кикілжің мен ұрыс-керіс баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі — үйдегі жылы қарым-қатынасқа, жайлы психологиялық ахуалға тікелей байланысты.
Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, оның тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
А. С. Макаренконың ойы
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді».
Тренинг құрылымы
1) Танысу жаттығуы
Қолымдағы допты бір-бірімізге бере отырып, әр қатысушы өз есімін айтып, өз бойындағы үш жақсы қасиетін кезекпен бөліседі.
2) «Менің отбасым»
Өз отбасымызды гүл бейнесінде суреттеп, әр бөлшегінің мағынасын қысқаша талдаймыз: отбасыдағы рөлдер, өзара қолдау, құндылықтар мен жылылық.
3) Ой қозғау: «Бала деген кім?»
Әр ата-ана «Бала деген кім?» тақырыбында қысқа ой-толғау жазады. Мақсат — балаға көзқарасты нақтылау, оның қажеттілігі мен ішкі әлемін тереңірек түсіну.
4) Сұрақ-жауап
- Балаңызды таңертең ұйқыдан қалай оятасыз?
- Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
- Балаңыздың сізді қуантатын тәтті қылықтары қандай?
- Балаңыз үйде сізге қандай көмек көрсетеді?
5) Бой сергіту сәті
«Тамаша, тамаша, ша-ша-ша.
Гриса, гриса, са-са-са.»
6) Құндылықтарды айқындау
Бала — ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, перзентін әлпештеп өсірген ата-ана баласының елге сыйлы, білімді, парасатты азамат болып өсуін тілейді.
Ендеше, сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Жағымсыз қылықтар
Талқылау және алдын алу жолдары
Жақсы қасиеттер
Қолдау, дамыту және нығайту тәсілдері
7) Ситуациялық сұрақтар
1-сұрақ
Балаңыз балабақшадан шағым айтып келді: тәрбиеші ұрысқанын, енді балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?
2-сұрақ
Балаңыз «ұялы телефон алып бер» деп жылады. Сіз «аздап шыдай тұр, уақытында алып беремін» дедіңіз. Алайда балаңыз тыңдамай, тоқтамастан жылай берді. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?
3-сұрақ
Сіз өнегелі отбасысыз. Бірақ балаңыздың жат әдеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғайсыз және қандай қолдау көрсетесіз?
4-сұрақ
Құттықтаймыз! Сіз сыйлық ұтып алдыңыз.
8) «Өмір ағашы»
Алдарыңыздағы жапырақ — сіздің балаңыздың символы. Осы жапыраққа балаңызға немесе отбасыңызға арнаған жылы тілегіңізді жазасыз.
Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар.
Қорытынды
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесіндей қажет. Мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
Құрметті ата-аналар, баладан жүрек жылуын аямайық. Балаға бір сәт болса да бала көзімен қарап көрейік. Бүгінгі тренингке қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет!
Автор туралы
Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, МКҚК «Жасұлан» балалар бақшасының тәрбиешісі — Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы.