Үйге тапсырма 537 жаттығу
Сабақтың тақырыбы
Сан есім. 533–537-жаттығулар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың сан есім туралы бұрын алған білімдері мен дағдыларын жүйелеу, толықтыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық
Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сөздік қорын, ой-өрісін, саналы түсінігін дамыту; қазақ тілінде сауатты сөйлеуін және шығармашылық қабілетін жетілдіру. Өз бетінше жұмыс жасау арқылы сан есімді меңгерту.
Тәрбиелік
Ынтымақтастықта жұмыс істеуге, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ұжымдық ойлауға және достық қарым-қатынасты сақтауға тәрбиелеу.
Қажетті материалдар мен тәсілдер
Көрнекіліктер
- Ереже, үлестірмелі карточкалар
- Суреттер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер
- Алма ағашы суреті және қосымша материалдар
Әдістер
- Сұрақ-жауап, түсіндіру
- Іздендіру, ой қозғау
- Ой қорыту, тапсырмалармен жұмыс
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, математика.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
Өтілген сабақтармен жұмыс.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сөз таптарының анықтамаларын қайталау.
III. Жаңа сабақ
Сан есімнің ережесін сұрау. 533-жаттығу: мақалдарды оқып, сан есімді табу.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
IV. Жаңа сабақты меңгерту
534-жаттығу: жұмбақты оқып, жатқа жазу.
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа.
535-жаттығу: ребусты шешіп, шыққан сөзбен сөйлем құрау.
Шешуі: бесеу.
Сөйлем: Олар бесеу болып циркке барды.
Сергіту сәті: қимыл-қозғалыс арқылы санды бекіту.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қоссам екеуін,
Болып шықты он саусақ.
536-жаттығу: дұрыс жазылған нұсқаны табу: сегізінші.
Ойын: «Кім тапқыр?» — 7 санын топтастыру.
V. Қорыту
Сұрақ-жауап және іздендіру тапсырмалары арқылы қорытынды жасау.
7 санымен байланысты ұғымдар
- 7 шелпек
- 7 қазына
- 7 ата
- 7 қарақшы
- 7-ші мектеп
- 7 киелі сан
- 7 жұт
- 7 құт
Тапсырма: мақал-мәтелдердегі түсіп қалған санды орнына қой.
... атасын білмеген — жетесіз.
... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
... ала болса — ауыздағы кетеді.
... түгел болса — төбедегі келеді.
VI. Үй тапсырмасы
537-жаттығу.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.