Дөңгеленген тік бұрыштарды салу

Информатика Paint Практика

Paint графикалық редакторының құралдары

Бұл сабақ Paint графикалық редакторының негізгі құралдарын таныстыруға, оларды дұрыс қолдану арқылы сурет салу дағдысын қалыптастыруға және оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған.

Сабақ мақсаты

  • Paint құралдарымен таныстыру.
  • Құралдарды пайдаланып сурет салу дағдысын қалыптастыру.
  • Эстетикалық талғамды дамыту.

Ұйымдастыру

Көрнекілік:
Paint құралдары, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақ түрі:
Аралас сабақ.
Әдісі:
Түсіндірмелі баяндау + практика элементтері.
Типі:
Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру.
  4. 4 Бекіту: сұрақтар, практикалық тапсырма.
  5. 5 Үйге тапсырма беру.
  6. 6 Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасын тексеру: қайталау сұрақтары

Өткен тақырып: Paint графикалық редакторы, негізгі түсініктер және сурет салу кезеңдері.

  1. 01 Графикалық редактор не үшін қажет?
  2. 02 Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
  3. 03 Paint терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.
  4. 04 Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?
  5. 05 Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?
  6. 06 Фон түсін қалай өзгертеміз?
  7. 07 Сурет салудың негізгі тәсілдері қандай?
  8. 08 Мәзір командалары арқылы қандай әрекеттерді орындауға болады?

Paint көмегімен қарапайым графикалық кескіндерден бастап, күрделі бейнелерге дейін салып, өңдеп (редакциялап) шығуға болады. Енді осы сабақта редактордың негізгі құралдарымен кезең-кезеңімен танысамыз.

Құралдар және қолдану алгоритмдері

Төмендегі алгоритмдер практикалық жұмыста жылдам әрі дұрыс әрекет етуге көмектеседі.

Түзу сызық (Line) құралы

Түзу сызықты салу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

Алгоритм
  1. 1Line батырмасын шертіңіз.
  2. 2Сызықтың қалыңдығын таңдаңыз.
  3. 3Меңзерді сызық басталатын жерге орналастырыңыз.
  4. 4Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, меңзерді сызық аяқталатын жерге дейін жылжытыңыз.
  5. 5Батырманы жіберіңіз.

Тік төртбұрыш және шаршы (Rectangle) құралы

Тік төртбұрыш салу алгоритмі:

Алгоритм
  1. 1Rectangle батырмасын шертіңіз.
  2. 2 Қажетті типті таңдаңыз:
    • Жақтауы бар, іші боялмаған тік төртбұрыш;
    • Жақтауы бар, іші боялған тік төртбұрыш;
    • Жақтауы көрінбейтін, іші боялған тік төртбұрыш.
  3. 3Меңзерді фигура басталатын жерге орналастырыңыз.
  4. 4Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қажетті өлшемге дейін созыңыз.
  5. 5Батырманы жіберіңіз.

Ескерту

Жақтаудың түсі — кескін түсімен, ал ішкі бөлігі — фон түсімен боялады.

Шаршы салу

Дәл осы алгоритм қолданылады, тек сурет салу кезінде Shift пернесін басулы күйде ұстайсыз.

Дөңгеленген тік төртбұрыш (Rounded Rectangle)

Бұл құралды қолдану алгоритмі тік төртбұрыш салу алгоритмімен бірдей. Дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстаңыз.

Эллипс және шеңбер (Ellipse)

Эллипс — горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңбер. Эллипсті салу алгоритмі тік төртбұрыш салу алгоритмімен бірдей. Ал шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстаңыз.

Жаңа сабақты бекіту: сұрақтар

Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі түсініктерді қаншалықты меңгергеніңізді тексеріңіз.

  1. 01Түзу сызық құралын қолдану алгоритмі қандай?
  2. 02Шаршы салу алгоритмін түсіндіріңіз.
  3. 03Тік төртбұрыш салу алгоритмін айтып беріңіз.
  4. 04Дөңгеленген тік төртбұрыш салу алгоритмі қандай?
  5. 05Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?
  6. 06Эллипс деген не, оны қалай саламыз?
  7. 07Шеңберді қалай саламыз?

Практикалық тапсырма

Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып 12 геометриялық фигура салыңыз. Үлгерген оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, конспект жасап келу.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!