Ипотекалық несиелер

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Несие және оның түрлері (презентациямен)

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: несиенің мәнімен және түрлерімен таныстыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларды үнемділікке, саналылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: білімін жетілдіру, ой-өрісін және қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.

Сабақтың әдістері

Баяндау Сұрақ-жауап Топтық жұмыс Кестемен жұмыс Сөздікпен жұмыс

Сабақтың барысы

Кезеңдер

  1. I Ұйымдастыру бөлімі
  2. II Үй тапсырмасын тексеру
  3. III Жаңа білімді меңгерту
  4. IV Бекіту
  5. V Сабақты қорытындылау
  6. VI Үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасын сұрау және топтық жұмыс

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр тапсырмаға дайындалуға 5 минут беріледі (музыка қосылады).

I тапсырма: Презентация дайындау

  • 1-топ: Ақша және ақшаның түрлері мен қызметтері
  • 2-топ: Жұмыссыздық және оның түрлері
  • 3-топ: Салық және оның түрлері

II тапсырма: Қолданбалы жұмыс

  • 1-топ: Әртүрлі елдердің валюталарын сәйкестендіру (флипчарт)
  • 2-топ: Жұмыссыздық түрлерін анықтау
  • 3-топ: Салық түрлерін сипаттау

III тапсырма: Шығармашылық және талдау

  • 1-топ: Мақал-мәтелдерді түсіндіру
  • 2-топ: «Жұмыссыздық — қоғамдық дерт» тақырыбында ой-толғау
  • 3-топ: Кесте толтыру (флипчарт)

Логикалық сұрақ

Кредиттің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар деп ойлайсыз?

Жаңа тақырып: Несие ұғымы

Несие — тауарлар мен қызметтерді қарызға беру. «Несие» ұғымы латын тіліндегі credere («сену») және creditum («қарыз») сөздерінен шыққан.

Қарыз беруші

Кредитор

Қарыз алушы

Дебитор (заемщик)

Несиелік келісім

Несиелік келісім — заң талаптарына сай несиенің берілуін, пайдаланылуын және қайтарылу шарттарын белгілейтін құжат.

Кредиттің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары

  • Дереу иелену: тауарды немесе қызметті бірден алу мүмкіндігі.
  • Икемділік: жеңілдік кезеңінде аз қаражатпен тиімді сатып алуға көмектеседі.
  • Қауіпсіздік: карта мен чек қолма-қол ақшаға қарағанда ыңғайлы әрі сенімді төлем құралы болуы мүмкін.
  • Төтенше жағдайда қолдау: күтпеген шығындарды (мысалы, көлік жөндеу) жабуға мүмкіндік береді.
  • Қаржылық тәртіпті көрсету: төлемдерді уақытында өтеу адамның жауапкершілігін білдіреді.

Кемшіліктері

  • Артық шығын: кей жағдайда несие орынсыз жұмсауға әкеліп, қарыздың ұлғаюына себеп болады.
  • Құнының жоғарылығы: пайыздар мен комиссиялар нәтижесінде несие қолма-қол төлемнен қымбатқа түсуі мүмкін.

Назар аударатын ой

Несие — мүмкіндік. Бірақ ол жоспар және тәртіп талап етеді.

Тұтыну кредиті және несиелердің жіктелуі

Батыс елдерінде несие алып өмір сүру тәжірибесі ертерек қалыптасса, Қазақстанда несие жүйесі соңғы жылдары қарқынды дамыды. Қазір көптеген коммерциялық банктер, дүкендер мен компаниялар тұтыну несиесін ұсынады.

Несие әртүрлі мақсаттарға берілуі мүмкін: пәтер жөндеу, автокөлік немесе ұялы телефон сатып алу, тұрмыстық техника алу және т.б. Клиентке дұрыс ақпарат беру үшін банктер несиелерді арнайы классификацияға бөледі.

Несиенің түрлері

  • Тұтынушы несиесі
    Автонесие, тауар несиесі, жас отбасыларға несие, жылдам несие, жалақы арқылы алынатын несие, білім алу несиесі
  • Ипотекалық несиелер
    Жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған ұзақ мерзімді несие
  • Лизингтік несиелер
    Мүлікті ұзақ мерзімге пайдалану құқығымен қаржыландыру
  • Мемлекеттік несиелер
    Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаржыландыру

Ипотека мен жай несие: айырмашылығы

Ипотекалық несиелеу

Ипотека — жылжымайтын мүлікті (пәтер, үй) сатып алу үшін берілетін ұзақ мерзімді несие. Бұл несиенің басты ерекшелігі — кепілдің болуы.

Мерзімі
Қазақстанда 1 жылдан 30 жылға дейін
Сомасы
Көбіне үй құнының 70–100%-ынан аспайды
Алғашқы жарна
Әдетте 30%-ға дейін (банк шарттарына байланысты)

Маңызды қағида

Кепіл жоқ болса — ипотека да жоқ. Кепіл мүлік ретінде әдетте үй немесе пәтер қарастырылады.

Заем алушы үшін және банк үшін

Заем алушыға жай несие кейде ыңғайлырақ болуы мүмкін, ал банк үшін ипотека — тәуекелі төмен өнім, өйткені төлем орындалмаса, банк кепіл мүлікті сатып, қаражатын қайтарып алады.

Ай сайынғы төлем құрылымы

Ай сайынғы төлем әдетте пайызды және негізгі қарыздың бір бөлігін қамтиды.

Кім заем алушы бола алады?

Қазақстанда 18 жастан асқан, тұрақты жалақысы немесе табысы бар әр азамат заем алушы бола алады. Ай сайынғы төлем, әдетте, табыстың 40–60%-ынан аспауы тиіс.

Автонесие және тұтынушылық несие

Автонесие

Автонесиенің ерекшелігі — несие сатып алынатын автокөліктің кепілімен беріледі. Кейбір банктер автосалондармен бірлесе жұмыс істейді: клиент ұнаған көлігін таңдап, рәсімдеу процесін сол жерде бастай алады.

  • Несие мерзімі аяқталғанша көлікті міндетті түрде сақтандыру талап етілуі мүмкін.
  • Несие толық өтелгенге дейін автокөлік банк кепілінде болады.

Тұтынушылық несие

Тұтынушылық несие әртүрлі мақсаттарға беріледі: тұрмыстық заттар, жиһаз сатып алу, пәтер жөндеу, саяхат және т.б. Сомасы бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.

Ерекшелігі

Көп жағдайда банк қаражаттың нақты қайда жұмсалғанын сұрамайды, алайда пайыз мөлшерлемесі құжаттарға және тәуекел деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.

Есептер шығару (пайыз есептеу)

Есеп 1

Банк 4,5 жылға жылдық 28%-бен 670 000 теңге несие береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз.

Шешуі

4,5 жыл = 54 ай.

Қайтарылатын толық сома (несие + пайыздық төлемдер) =
(670 000 × 28 × 54) / (12 × 100) + 670 000 = 1 514 200 теңге

Жауабы: 1 514 200 теңге.

Есеп 2

Кәсіпкер бизнесін ұйымдастыру үшін жылдық 26%-бен 150 000 теңгені 1 жылға алды. Егер пайыз сомасы несие берілгенге дейін аванс ретінде несие сомасынан шегерілсе, кәсіпкер қанша ақша алады? Бір жылдан кейін банкке қанша қайтарады?

Шешуі

Пайыз сомасы: 150 000 × 0,26 = 39 000 теңге.

Кәсіпкер алатын сома: 150 000 − 39 000 = 111 000 теңге.

Бір жылдан кейін банкке қайтаратын сома: 150 000 теңге.

Жауабы: 111 000 теңге алады; 150 000 теңге қайтарады.

Бекіту сұрақтары

Сұрақтар

  1. 1Тұтыну кредиті деген не?
  2. 2Кредит беру шарттары қандай?
  3. 3Кредит құны деген не?
  4. 4Тұтыну кредитінің қандай түрлері бар?
  5. 5Кредиттің артықшылықтары қандай?
  6. 6Кредиттің кемшіліктері қандай?

Сөзжұмбақ тапсырмасы (тақырып: «Несие»)

Төмендегі анықтамалар бойынша терминдерді табыңыз:

  • 1. Тұтынушыларға тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат беру.
  • 2. Мемлекет меншігін жеке меншікке айналдыру.
  • 3. Еңбек етуге қабілетті, жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдар тобы.
  • 4. Банк иесі немесе банктің ірі акционері.
  • 5. Ең жақсы нәтижеге жету үшін нарықтағы экономикалық жарыс.

Кілт сөз

Н Е С И Е

Қорытынды және үй тапсырмасы

Сабақты қорытындылау

Оқушылар несие ұғымын, негізгі шарттарын, артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ тұтынушылық, ипотекалық және автонесиенің ерекшеліктерін қорытындылайды.

Үйге тапсырма

  • «Несие және оның түрлері» тақырыбын оқу.
  • Тұтыну кредитінің пайыздық мөлшерлемесін таңдап, төлем графигін құру.