Ақиқат командасы

IQ ДОДА (интеллектуалдық көрсеткішті анықтау сайысы)

Мақсаты

  • Өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленетін тұлғаларды қалыптастыру және олардың интеллектуалдық көрсеткішін анықтау.
  • Ұстаздардың экономикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Барысы

(Музыка ойналады.) Сайыс басталар сәтте жүргізушілер тілдің қадірі мен білімнің құнын айшықтайтын жыр жолдарын оқып, қатысушыларды рухтандырады.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

1-жүргізуші: Тілім менің – тірлігімнің тірегі,
Тілді құрметтеу – бар адамның міндеті.
Ана тілді бойымызға сіңіріп,
Танысын бізді бүкіл әлем, жер беті.

2-жүргізуші: Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды,
Информатика озады бар ғасырды.
Ой түйіндеп, жетелейді адамды,
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар! IQ ДОДА интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл жарыста бақ пен бап сыналады. Қатысып отырған ұстаздарымызға сәттілік тілейміз. Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын шарты

IQ ДОДА интеллектуалдық сайысына мектеп ұжымынан 2 команда қатысады. Әр команда 3 ойыншыдан тұрады. Ойын 6 турдан құралған.

  1. I тур

    Дешифратор

  2. II тур

    Қисынды ойлай білейік

  3. III тур

    Дода

  4. IV тур

    Аниматорлар

  5. V тур

    Венгр сөзжұмбағы

  6. VI тур

    Сыйлықтар аукционы

Командалар

«Бірлігіміз жарасқан» командасы

Топ жетекшісі: ____________________

I команда

Ұраны

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

«Ақиқат» командасы

Топ жетекшісі: ____________________

II команда

Ұраны

«Өзіңе сен: өзіңді алып шығар ақылың мен білімің»

Әділқазылар алқасы

2-жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Әділ халқым берерсің әділ баға,
Салыстырып білім менен білікті.

Төраға

________________________________

Әділқазы

________________________________

Әділқазы

________________________________

I тур — «Дешифратор»

Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 10 балл.

Сұрақтарды екі жүргізуші командаларға кезекпен оқиды.

I командаға қойылатын сұрақтар

  1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді.

    Дұрыс жауап: Иә

  2. Қазақстан Республикасында Тілдер күні мерекесі тойлана ма?

    Дұрыс жауап: Иә

  3. Тышқан — ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.

    Дұрыс жауап: Жоқ

  4. Сонар — үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары жиналып, бас қосып ойын-сауық құруы.

    Дұрыс жауап: Жоқ

  5. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады.

    Дұрыс жауап: Жоқ

  6. Енші — балалары ер жетіп, жеке үй болғанда ата-анасының беретін дүние-мүлкі мен малы.

    Дұрыс жауап: Иә

  7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — килобайт.

    Дұрыс жауап: Жоқ

  8. Иткөйлек — баланың 1 жасқа дейін киетін көйлегі.

    Дұрыс жауап: Жоқ

  9. Ең алғашқы электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) 1946 жылы АҚШ-та пайда болды.

    Дұрыс жауап: Иә

  10. Ерулік — басқа жерден көшіп келген көршілерді бұрыннан тұратындар қонаққа шақырып, ас беру дәстүрі.

    Дұрыс жауап: Иә

II командаға қойылатын сұрақтар

  1. Информатика — ЭЕМ көмегімен ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

    Дұрыс жауап: Иә

  2. Иткөйлек — баланың туғанына 40 күн толғанға дейін киетін көйлегі.

    Дұрыс жауап: Иә

  3. Сканер — ақпаратты енгізу құрылғысы.

    Дұрыс жауап: Иә

  4. Сонар — қыстың күні алғашқы қар түскенде аң ізі анық көрінетін мезет. Аңшылар осы күні аңға шығып, ізге түседі.

  5. Процессор — компьютердің «миы».

    Дұрыс жауап: Иә

  6. Ерулік — басқа жерден көшіп келген көршілерді қонаққа шақырып, ас беру дәстүрі.

    Дұрыс жауап: Иә

  7. Ерулік — баланың алғаш атқа мінуі.

    Дұрыс жауап: Жоқ

  8. Дисплей — компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

    Дұрыс жауап: Иә

  9. «Қазақ» газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы — Ахмет Байтұрсынұлы.

    Дұрыс жауап: Иә

Ескерту

Бұл кезең аяқталған соң әділқазылар алқасы әр команданың ұпайын жариялайды.

II тур — «Қисынды ойлай білейік»

Бұл турда әр топқа 5 сөз беріледі. Қатысушылар әріптері орын ауысқан сөздерді дұрыс ретке келтіріп, дұрыс сөз құрастырады. Сондай-ақ берілген сөздердің ішінен информатика мен қазақ тілі сабағына қатысы жоқ артық сөзді табуы керек.

Бағалау

Жауап толық болса — 10 балл, толық емес болса — 8 балл.

Тапсырма форматы

Әр командаға слайд түрінде ұсынылады. Жауабы дайын команда бірінші болып жауап береді.

Мысал жауаптар

Берілген

ИНСТКАИСС

Дұрыс сөз

Синтаксис

Берілген

GORMARP

Дұрыс сөз

Program

Берілген

TUOECRMP

Дұрыс сөз

Computer

Берілген

ОРМОФОЛОЯИГ

Дұрыс сөз

Морфология

Берілген

АССКА

Дұрыс сөз

Касса