Қайроштың анасы ауыл анасы
Сабақтың тақырыбы мен бағыты
Бұл сабақта оқушылар Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романынан алынған «Ана құшағында» әңгімесін түсініп оқып, түсінгенін жүйелі түрде әңгімелеп айтуға машықтанады.
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды табуға және мазмұнын ретімен баяндауға үйрету.
2) Дамытушылық
Өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау; байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру; тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды мақсатқа ұмтылуға, ананы қадірлеуге және ізгілік құндылықтарын бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақ түрі
Дамыта оқыту.
Жұмыс түрі
Топтық жұмыс.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Дамыта оқыту технологиясы
- Рөлдік бөлу
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, жұмысқа дайындық жүргізу, топқа бөлу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма:
«Үлек» әңгімесін оқып, мазмұнын айтып келу.
Талқылау сұрақтары:
- «Үлек» дегеніміз не? Үлек — жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді. Еңбегі зор: ауыл түйелерін бағады.
- Түйе жейтін қандай шөптер аталған? Мәтіндегі атауларды атап, қосымша мысал келтіру.
- Мүлкібай атаның портреті: Қоржиған, бойы кішкентай, әп-арық. Көңілді, балаларды жақсы көреді: малға барғанда балаларды жинап алып барады. Малға жанашыр. Үлектің оны тыңдауы — кішкентайынан бағып-қаққанынан.
- Мазмұндау: 3–4 оқушы мәтінді кезекпен жалғастырып айтады.
- Түйе туралы мақал-мәтелдер: оқушылардан мысал келтіру.
3) Жаңа сабақ
Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов (1902–1985) — қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы. Алматы қаласында жазушыға арналған ескерткіш қойылған.
Мәтін өзегі
«Қазақ солдаты» романынан алынған «Ана құшағында» әңгімесінде Қайырғали Смағұлов деген баланы жұрт Қайрош деп атайды.
10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырады. Оған 87 бас мал тапсырып, «бір басын жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын» деп қара мұртты қорқытады.
Оқиғаның шиеленісі
Қайрош оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Санаса — 86. Қайта санаса — 86. «Жер жұтты ма?» Ізі жоқ. Қорыққан Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі: «Зытып келем, зытып келем… артыма қайта-қайта қарап зытып келем…».
Сөйтіп Қайрош Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
Сұрақ:
Балалар үйі кімдерге арналған?
Жауап: Панасыз, ата-анасыз балаларға арналған.
«Құлыным, Қайрошым… Қайда жоғалып кеттің?» — деп әлсіз дауыс естіледі. Бұл — анасының дауысы.
Әңгімені әрі қарай оқи отырып, мұғалім сұрақтар арқылы мазмұнын тереңдете ашады.
4) Мәтін мазмұнымен жұмыс
- Ана мен баланың бір-біріне деген сезімі әңгіменің қай тұсынан байқалады?
- Қайрош неге анасымен бірге ауылға бірден кетіп қалмады?
- Егер мен Қайроштың орнында болсам, не істер едім?
5) Жазба жұмысы
Тапсырма:
Қайроштың анасына сипаттама беріңдер.
Сыртқы бейне
Ауыл анасы. Басында үлкен жаулығы бар, үстінде көк шұбар кең көйлегі.
Мінез-құлқы
Мейірімді, ақылды, баласына жанашыр.
6) Топтық жұмыс (рөлдік тапсырмалар)
1-топ
- Қамшы
- Домбыра
- Ана жаулығы
- Монолог
2-топ
- Абай
- Аналар
- Монолог
3-топ
- Бүгінгі Қайрош пен анасы
- Монолог
Мұғалімнің қорытынды ақпараты: Қайырғали Смағұлов Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атанды.
7) Шығармашылық топтық жұмыс
1-топ
Менің анамның ішкі дүниесі.
2-топ
Менің анамның портреті.
3-топ
Ананың қоғамдағы рөлі.
8) Қорытынды
Тапсырма:
Әр топ ана туралы нақыл сөз немесе мақал құрастырады.
9) Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мазмұндау дәлдігі, жауаптарының толықтығы және топтық жұмыстағы үлесі ескеріледі.
10) Үй тапсырмасы
- «Ана құшағында» әңгімесін оқу, мазмұндау.
- «Менің анам» тақырыбында әңгіме жазу.