Аман атам

Мағжан Жұмабаев

- Түн түнерді, ұйықтады ауыл,
Сорлы, бейбақ, атаң қайда?..
- Боран мынау, туды дауыл,
Апатайым, атам қайда?..
- Сорлы, бейбақ атаң қайда?
Көр үңгірді боран көмді!..
- Апатай - ау, атам қайда?
Әйнек сынды, білте сөнді...
- Көр үңгірді боран көмді,
Көмді ме екен атаңды әлде?..
- Әйнек сынды, білте сөнді,
Сөнді ме екен атам да әлде?..
- Көмді ме екен атаңды әлде?
Қалқам, қандай күйге түстік?..
- Сөнді ме екен атам да әлде?
Апа - ау, мұнша жасың ыстық!..
- Қалқам, қандай күйге түстік?
Жаным - жара, көңілім - қаяу!..
- Төкпеші, апа, жасыңды ыстық!
Байқашы өзің: боран баяу!
- Жаным - жара, көңілім - қаяу,
Аман ба екен бейбақ атаң?
- Жел де бәсең, боран баяу,
Қарашы, әне, ағарды таң!..
- Аман ба екен бейбақ атаң?
Құлыншағым, қорғаным - сен!
- Міне, атты таң! Аман атам!
Қапа болма, қорғаның - мен!..



Ұқсас жұмыстар

Менің туылған күнімнің Қазақстан тарихындағы орны
Киелі жерім - қасиетті елім
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Сабит Мұқанов туралы
Ер Төстік ертегісі
Амандасу
Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”
Қостанай облысындағы жер-су аттары
Абылай хан (1711-1781). Абылайдың азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр
Жаңа заман талабы
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
Абай атама
АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА «МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Көзқамандар туралы аңыз
Кәзіргі Заманғы Әлемдік дамудың күрделі мәселесі
Жаңа заман мәдениеті
Басым мамандықтар тізбесі