Наурыз - думан ән сайысы

Наурыз-думан ән сайысы: ашылу сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, қадірлі халқым менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенің.
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақты Наурыз — тойы, салтыңды елім!

2-жүргізуші

Ал, халайық, тұрмайық —
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Інжу-маржан шашайық!

Қош келдіңіздер

Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Наурыз мерекесіне орай бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өтетін «Наурыз-думан» ән сайысына қош келдіңіздер!

Қатысушыларды таныстыру

2-жүргізуші

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Думанға қатысушы тұлғаларды!

1-жүргізуші

Ән сайысына қатысатын өнерпаздарды қошеметпен ортаға шақырайық!

  • Құрбысымен ән орындайтын өнерпаздар
  • 3-сынып оқушылары
  • 4-сынып оқушылары

Қазылар алқасы және бағдарлама

1-жүргізуші

«Той деп бүгін көңіл шіркін тасады, той деп бүгін халқым шашу шашады», — дегендей, бүгінгі үлкен тойымыздың, ән сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысайық.

Енді сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейік:

  1. 1 Хор сайысы
  2. 2 Ата-ана мен баланың бірлескен әні
  3. 3 Құрбысымен орындалатын ән

Өнер көрсету

Алуа мен Алтын

Ән

Қарсы алайық, халайық,
Аруға көз салайық.
Алуа мен Алтынға —
Қанеки, қол соғайық!

«Бау-бақша белдер»

Жазира мен Қарлығаш (Райханқызы)

Ән

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да!

«Жан гүлім»

Алмагүл (Айбасқызы) мен Санжар

Ән

Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Алмагүлдің бастауышта сабағы.
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты
Қамтиды ол қосымша көп саланы.

«Менің анам алтын»

Алтынай (Амангелдіқызы) мен Жібек

Ән

Бала-шаға отбасымен бақытты,
Күнде Жібек мектебіне асықты.
Баласының ісін құптап анасы
Іскерлікпен ісін алға тасытты.

«Бала тілегі»

Қайрат (Балтанұлы) пен Мадина

Ән

Бұл мереке сенің арқаң, әкешім,
Бір мен үшін керектіні табасың.
«Балам жақсы» деген сөзді естісең,
Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.

«Балама»

Эльвира (Нуроллайқызы) мен Алина

Ән

Ана — көркі көгімнің,
Ана — нұры жерімнің.
Ана — бағы баланың,
Ана — бақыт, ана — күн.

«Айгөлек»

Сания (Сағынаева) мен Арман

Ән

Апам мені «Айым» дейді —
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені «Күнім» дейді —
Мен қуансам, күлімдейді.

«Анаға сәлем»

Қосымша нөмірлер

«Қошақаным»

Өнер көрсетулер жалғасады.

«Әнші балапан»

Көңілді ән шашу.

«Солдат болам мен ертең!»

Жігер сыйлар орындалым.

«Мектебім»

Мектепке арналған ән.

Қорытынды және марапаттау

2-жүргізуші

Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін!
Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық —
Әр отбасына молынан қона берсін!

1-жүргізуші

Бүгінгі ән сайысына қатысқан барлық өнерпаздарды ортаға шақырайық. Сайыс қорытындысын айту үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Ақ дастарханға шақыру

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» ән сайысымыз өз мәресіне жетті. Баршаңызды Наурыздың киелі сусыны — Наурыз көжеден дәм татуға ақ дастарханымызға шақырамыз.