Түркістан қаласы

Сабақ жоспары · Түркістан · Грамматика

Бұл жоспар 8-сынып оқушыларына арналған. Негізгі өзек — Түркістан қаласының тарихи-мәдени маңызы мен пысықтауыш тақырыбын қайталау және бекіту.

Негізгі идея

Тарих пен болашақты байланыстыратын құндылықтарды таныту.

Оқу әрекеті

Мәтін, карта, сұрақ-жауап және интерактивті тапсырмалар.

Тәрбиелік мән

Туған жерге сүйіспеншілік, тарихи мұраны құрметтеу.

Сабақтың мақсаттары

  • Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан және Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы білімді тереңдету.
  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ойды жүйелі түрде жеткізу дағдыларын дамыту.
  • Тарихи ескерткіштер мен көне орындарды құрметтеуге, Отанға және туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Бағдарлау дәйексөзі

Н. Ә. Назарбаев: «Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз».

Талқылау өзегі: «тарих» пен «болашақ» ұғымдарын не байланыстырады — тарихи тұлғалар, ескерткіштер, ежелгі қалалар.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

  1. 1.Амандасу.
  2. 2.Оқушы назарын сабаққа аударту.
  3. 3.Сабақ мақсаттарымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақтар

  • Қазір қандай модульді оқып жатырмыз? «Туған жер — қасиетті мекенім».
  • Модульдегі негізгі тақырыптар: «Кең байтақ Қазақстаным», «Оңтүстік Қазақстан аймағы», «Ұлы Жібек жолы».
  • Ұлы Жібек жолының Орта Азиядағы бағытын картадан көрсету және қысқаша түсіндіру.
  • Жібек жолы бойындағы қазақ даласындағы қалаларды атау.

Құрал: интерактивті тақтада Ұлы Жібек жолының картасы көрсетіледі.

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе (қызығушылықты ояту)

Оқушыларға дәйексөз оқылады, кейін мына бағытта талқылау жүргізіледі:

  • Дәйексөздегі қай сөздер ой салады? («тарихымыз», «болашағымыз»)
  • Тарих пен болашақты не байланыстырады? (тұлғалар, ескерткіштер, көне қалалар)
  • Қандай ежелгі қалаларды білесіңдер? (Отырар, Тараз, Түркістан)

Осылайша сабақ тақырыбы ашылады: Түркістан қаласы.

Жаңа тақырып: Түркістан туралы мазмұн

Ой қозғау

Оқушылар Түркістан туралы білетін мәліметтерін ортаға салады: тарихи орны, қасиетті нысандар, мәдени мәні.

Слайдтар арқылы түсіндіру

  • 1 Түркістан — Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі (қазіргі Түркістан облысы) тарихи қала, аудан орталығы.
  • 2 Қаланың бұрынғы атаулары (Иасы және т.б.).
  • 3 Қожа Ахмет Яссауи кесенесі: а) Қожа Ахмет Яссауи туралы; ә) Яссауидің мәңгілік мекені; б) кесене жанындағы нысандар; в) Тайқазанның қысқаша тарихы.
  • 4 Халықаралық қазақ-түрік университеті (бейнеүзінді көрсету).

Маңызды екпін

Түркістан — тек қазақ халқы үшін емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы ретінде қарастырылады.

«Түркістан» мәтінімен жұмыс (69–70-беттер)

Сөздікпен жұмыс

Қазақша Орысша
қасиетті священный
көне древний
тарихымен тығыз байланысты тесно связан с историей
саяси орталық политический центр
ордасы болған был центром
ғибадатхана молитвенный дом
сәулет өнері архитектурное искусство
келешегі зор огромное будущее

Жұмыс кезеңдері

  1. а Сөздермен жұмыс, мағынасын нақтылау.
  2. б Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
  3. в Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  4. г Оқушылардың кезектесіп оқуы.
  5. д Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

Негізгі нәтиже

Оқушы мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды бөліп айтады және жаңа сөздерді сөйлеуде қолданады.

Бекіту тапсырмалары

Грамматика: пысықтауыш

Талқылау сұрақтары:

  • Грамматикадан қандай тақырыпқа тоқталдық?
  • Пысықтауыш дегеніміз не?
  • Пысықтауыш мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

1) Сөйлемдерді талдау

Сөйлем мүшелеріне талдап, құрылымдық ерекшеліктерін анықтау.

  • Түркістан — түркі халықтарының рухани орталығы.

    Жай, хабарлы, жақты, жайылма, толымды.

  • Түркістан қаласы қазақтың тарихымен тығыз байланысты.

    Жай, хабарлы, жақты, жайылма, толымды.

  • Кесененің жанында шығыс моншасы бар.

  • Яссауи кесенесі — сәулет өнерінің озық үлгісі.

  • Кесене отыз бес бөлмеден тұрады.

2) Сөздерден сөйлем құрастыру

Шашыраңқы берілген сөздерден сөйлем құрастырып, айтылу тәртібін белгілеу (интерактивті тақтада).

  • Жасалған, жеті түрлі, тайқазан, металдан.
  • болатын, үлкен, салмағы 2 тонна, тайқазан бар, осы бөлмеде.
  • Әмір Темір, сыйлаған, жасатып, кесенеге, оны.
  • «қазандық» деп, бар, аталатын, бөлме бар, кесенеде.
  • мыңдаған, қазақстандық, бұнда, жастар білім алады.
  • Ол, Қазақстан мен Түркия арасындағы, келісім негізінде құрылған, 1992 жылы 31 қазанда.
  • қазақ-түрік университеті бар, қалада, Яссауи атындағы.

3) Пысықтауыштарды мағынасына қарай ажырату

Әр сөйлемнен пысықтауышты тауып, мағыналық түрін анықтау.

  1. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген.

    Мезгіл.

  2. Студенттер қазақша, ағылшынша сөйлейді.

    Қимыл-сын.

  3. Жер астына ғибадатхана салынған.

    Мекен.

  4. Түркістанға білім алайық деп келдік.

    Мақсат.

  5. Түсіне алмағандықтан мәтінді аудару қиын екен.

    Себеп.

4) Ұйқас табу (I деңгей)

Өлең жолдарының ұйқасын табу (интерактивті тақтада сәйкестендіру).

Ол кешегі көркем қала — ...

Ойрандалған орнында енді — шоқылар.

Шыңғыс ханнан шімірікпей қорғаған,

Бабаларды құдай өзі — ...

Бас имеген батыр қала — Отырар,

Онда ерліктің өшпейтұғын оты — ...

Керекті ұйқастар

  • олар
  • Отырар
  • қараған
  • қолдаған
  • бар

5) «Бес жолды өлең» (II деңгей)

  1. Зат есім: шаһар
  2. Сын есім (2 сөз)
  3. Етістік (3 сөз)
  4. Сөйлем (4 сөз)
  5. Зат есімге мәндес сөз

6) Бекіту сұрақтары

1

Түркістанның бұрынғы атауы

Иасы

2

Яссауи кесенесі қай қалада?

Түркістан

3

Жер асты мешіті

Қылует (ғибадатхана)

4

Кесене бөлмелерінің бірі

Қазандық

5

Халық Түркістанды қалай атайды?

Екінші Мекке

6

Кесене жанындағы тарихи ғимарат

Монша

7

«Кесене» сөзінің синонимі

Ескерткіш

8

Кесенені салғызған атақты адам

Әмір Темір

9

Яссауидің құнды шығармасы

«Диуани хикмет»

10

Қазақ-түрік университеті кімнің атында?

Қожа Ахмет Яссауи

Қорытынды және рефлексия (INSERT)

Әр халықтың қадір тұтатын, бас иетін қасиетті мекені бар. Қазақ халқы үшін сондай киелі орындардың бірі — Түркістан. Бұл қала тек қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарының рухани орталығы. Сабақ барысында Яссауи кесенесі туралы білімімізді толықтырдық.

Түйін: Тарихсыз болашақ жоқ. Болашақ — бүгінгі оқушы. Тарихи ескерткіштерді қорғау, көркейту және келер ұрпаққа жеткізу — ортақ жауапкершілік.

Жетелеуші сұрақтар

  • Кесене сендерге қызық болды ма?
  • Түркістанға барғыларың келе ме?
  • Мүмкіндік болса, киелі орындарға барып тағзым етудің мәні неде?

VIII. Үй жұмысы және бағалау

Үй тапсырмасы беріледі, сабақ соңында оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.

Ескерту: жоспарды сынып деңгейіне қарай ықшамдап немесе тапсырмалар санын көбейтіп бейімдеуге болады.