Қан айналым мүшелері туралы түсінік беру
Сабақ тақырыбы
Жүрек – қан айналым жүйесінің негізгі мүшесі.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Қан айналым мүшелері туралы түсінік беру; жүректің құрылысы мен қызметі жайлы ұғымды тереңдету.
- Қанның қызметі және тамыр түрлері туралы қарапайым мағлұмат беру; ағзадағы қан айналым жүйесі туралы білімді жүйелеу.
Тәрбиелік
Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға ынталандыру, жүректі шынықтыруда еңбектің маңызын оқушы санасына сіңіру.
Дамытушылық
Ақпаратты өздігінен іздеп игеру, мәліметтерді сұрыптау және талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлауды дамыту.
Әдістер мен ресурстар
Әдістер
- Ақпараттық
- Ізденушілік
- Зерттеушілік
- Электрондық
Көрнекіліктер
Электрондық презентация.
Техникалық жабдықтар
Компьютер, проектор.
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық тренинг арқылы оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Жедел сұрақтар:
- Тағам түрлері көрсетіледі. Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Қоректік заттар не үшін қажет?
- Тағамды қорытатын жүйе қалай аталады?
2) Топтық жұмыс (ас қорыту мүшелері):
1-топ
Ас қалай қорытылады?
2-топ
Ас қорыту мүшелеріне нелер жатады?
3-топ
Организмнің өсуі үшін қандай заттар қажет?
Оқушылар осы үш сұрақ төңірегінде өз ойларын білдіреді.
3) Рөлдік тапсырмалар:
1-қатар — терапевт дәрігерлер
Ас қорыту мүшелерінің аурулары туралы қосымша мәлімет ұсынады.
2-қатар — диетолог дәрігерлер
Дәрумендер мен тамақтану гигиенасы туралы мәлімет береді.
4) Компьютерде орындалатын тапсырма: дұрыс тұжырымдарды белгілеңіз.
- ✓ Бауыр ас қорытуға қатысатын өт бөледі.
- ✓ Ұйқы безі ас қорытуға қатыспайды.
- ✓ Ас қорыту мүшелеріне ауыз, мұрын, өкпе, жұтқыншақ, өңеш, асқазан жатады.
- ✓ Тамақтан организм өзіне қажетті заттарды қабылдайды. Бұл заттар мүшелердің өсуі үшін қажет.
- ✓ Ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі тамақтану мезгілі мен тағам құрамына байланысты емес.
Ескерту
Кейбір тұжырымдар әдейі қате берілуі мүмкін. Оқушылар әр сөйлемді ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, дұрыс/бұрысын анықтайды.
5) Үй тапсырмасын қорытындылау:
Ас қорыту — өте күрделі үдеріс. Тағамның құрамы да күрделі болғандықтан, бұл заттар ыдырап, суда еритін және қан құрамына оңай өте алатын күйге айналуы қажет. Осы өзгерістердің бәрін ас қорыту мүшелері жүзеге асырады.