Көсемшенің жұрнақтары нешеу
Сабақтың тақырыбы
Көсемше
Бұл сабақ көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білімді жүйелеуге, оқушылардың ой-өрісін, білім-білік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін байқауға әрі бағалауға бағытталған.
Сабақтың мақсаттары
- Көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін анықтау, ой-өрісті, дағдыларды, шығармашылық қабілетті бағалау.
- Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі әрі нақты жеткізуге, өнер-білімге құштарлық пен дүниетанымды кеңейтуге баулу.
- Адамгершілікке тәрбиелеу, туған жерге сүйіспеншілікті және қазақ тіліне құрметті қалыптастыру.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі жаңа сабақ
- Әдістері
- Хабарлау, баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Әдістемелік материалдар
- Сызбалар, топтастыру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа қатысуды бақылау.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Өткен тақырыптарға шолу
Ауызша сұрақтар
- Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
- Есімшенің жасалу жолдарын ата.
- Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады? (Сызба бойынша айтуға болады.)
Практикалық жұмыс
- Есімше мен етістерді пысықтау үшін семантикалық картамен жұмыс.
- Экранда көрсетілген кестені толтыру.
III. Жаңа сабақ: көсемше
1) Қызығушылықты ояту
Уақыты: 3 минут
Оқушыларға тіл туралы өлең жолдарын айтқызуға болады:
Менің тілім — өзгелерден ерек тым.
Тілім барда қысылмаймын, өжетпін!
Орыстардың шолақ келер сөздерін,
Қазақ тілмен кестеледім, көп еттім!
Өзге тілдің ұзақ сонар сөйлемін
Мақалменен нұсқа айтып, дөп еттім!
2) Мағынаны ашу
Қайталау
- Есімше
- Өткен шақ есімше
- Келер шақ
- Ауыспалы келер шақ
Көсемше: негізгі ереже және жұрнақтары
Көсемше — етістіктен жасалатын, қимылдың амалын, мезгілін, себебін, қатар атқарылуын білдіретін тұлға.
3) Топтастыру: сөйлемдерді толықтыру
Көп нүктенің орнына көсемшенің немесе есімшенің тиісті жұрнақтарын қойыңдар.
| Диалог | Толықтыру |
|---|---|
| — Қайда бар… отырсың? | Жұрнақты қойып жазыңдар. |
| — Сабаққа бір… отырмын. | Жұрнақты қойып жазыңдар. |
| — Маған неге келдің? | — Қазақ тілі оқулығын сұра… келдім. |
| — Мен ағылшынша үйрен… біраз болды. | Жұрнақты қойып жазыңдар. |
| — Ал мен 1-сыныптан бастап оқы… келемін. | Жұрнақты қойып жазыңдар. |
| — Жақында қандай мәтін оқыдың? | — Ана туралы оқы…быз. |
| — Өлеңді жаттадың ба? | — Жоқ, енді жатта… отырмын. |
Оқушылар тақтадағы кестеге жұрнақтарды кезектесіп жалғайды (мысалы: -ғалы, -гелі, -п, -гелі, -п, -ған, -п).
4) Суретпен жұмыс: салыстыра сипаттау
Суретке қарап, жазғы тау көрінісі мен қысқы тау көрінісін салыстыра сипаттаңдар. Сөйлем ішінде есімше мен көсемшені қолданып, жұрнақтарының астын сызыңдар.
5) Бекіту: шағын ауызша тест
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- A) 9
- B) 8
- C) 7
- D) 6
2. Көсемше қай сөз табынан жасалады?
- A) Есімдік
- B) Етістік
- C) Зат есім
- D) Үстеу
3. Көсемшенің жұрнақтары:
- A) -қан, -кен, -ған, -ген
- B) -ып, -іп, -п
4. Көсемше тұлғасындағы сөз тіркесін тап:
- A) барған жоқ
- B) айтып кел
- C) ауылға кел
- D) сабақты оқы
5. Көсемшенің жұрнақтары нешеу?
- A) 5
- B) 8
- C) 9
- D) 10
6. Көсемше тұлғасындағы сөйлемді тап:
- A) Жауға аттануға рұқсат сұрады.
- B) Ақботаны да көргім келеді.
- C) Абай мұны біліп жүр еді.
Үй тапсырмасы
Ережені түсініп оқу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
Автор туралы мәлімет
СҚО, Петропавл қаласы, №9 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Насырова Гүлжамал Рашитқызы.