Тыныс белгілер

Алматы облысы · Кербұлақ ауданы · Майтөбе ОМ МДШО КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Молдақұлова Бибігүл Құдайбергенқызы

Пән: Ана тілі Сынып: 1 Сабақ түрі: аралас Ұзақтығы: 45 минут

Сабақ тақырыбы

Тыныс белгілері және «Жеті ата» (интеграцияланған мазмұн)

Сабақ құрылымы оқушының білу → түсіну → талдау → жинақтау → қолдану → бағалау сатыларымен жұмыс істеуін көздейді.

І кезең — Ұйымдастыру және «Көпір» тапсырмалары (5–7 минут)

Мұғалім әрекеттері

  • Ұйымдастыру сәтін өткізу.
  • Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардың үйде орындалуын тексеру.
  • «Көпір» тапсырмаларын алдымен жеке, кейін фронтальді тексеру.

«Көпір» тапсырмалары (жеке жұмыс)

Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпты меңгеруге негіз болатын қысқа қайталау сұрақтары.

1) Сөйлем неден құралады?

Жауап: Сөйлем сөздерден құралады.

2) Сөйлемнің соңына не қойылады?

Жауап: Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

3) Тыныс белгілерінің қанша түрі бар?

Жауап: Үш түрі бар.

4) Оларды ата.

Жауап: Нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!).

ІІ кезең — Жаңа сабақты топта меңгеру (20 минут)

  • 10 минут: оқушылар тапсырмаларды өз бетімен толтырады (Білу, Түсіну, Талдау, Жинақтау).
  • 10 минут: жауаптар мұғаліммен бірге талданады.
  • Нәтиже ауызша мадақтаумен бекітіледі.

1-қадам — «Білу» (топтық жұмыс)

Бос орындарға тиісті сөздерді жаз.

  1. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
  2. Сөйлем соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.
  3. Адамның үш жұрты болады. Соның ішіндегі ең жақыны — өз жұрты.

    Жеті ата:

    ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

  4. Туған-туыстарға: ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы, сіңлісі жатады.

2-қадам — «Түсіну» (топтық жұмыс)

Себебін анықта.

1) Тыныс белгі сөйлемнің қай жеріне қойылады?

Жауап: Сөйлемнің соңына қойылады.

2) Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?

Жауап: Нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

3) Адамға өз жұрты неліктен жақын?

Жауап: Өйткені өз жұрты — адамның шыққан тегі.

4) Жеті атаға кімдер жатады?

Жауап: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

3-қадам — «Талдау» (топтық жұмыс)

Салыстыр, айырмашылығын және ұқсастығын анықта, негізгі идеяны тұжырымда. Тапсырманы Венн диаграммасы арқылы орындауға болады.

«Жеті ата»

  • ата
  • әке
  • бала
  • немере
  • шөбере
  • шөпшек
  • немене

Ұқсастығы

Екеуі де адамның өз жұртына, яғни тегіне және туыстық қатынасына қатысты.

Отбасы, туған-туыс

  • атасы, әжесі
  • әкесі, анасы
  • ағасы, әпкесі
  • інісі
  • қарындасы, сіңлісі

Тақырыптың басты идеясы

Адам өзінің тегін білу арқылы туыстық байланысын түсінеді; сөйлемде ойды дұрыс жеткізу үшін тыныс белгілерін орынды қолданады.

4-қадам — «Жинақтау» (топтық жұмыс)

Қорытынды жаса: анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте немесе тірек-сызбаны толықтыр.

Тірек-сызба (толтыруға)

  • Сөйлем → сөздерден құралады → бас әріптен басталады → соңына тыныс белгі қойылады.
  • Тыныс белгілері → нүкте (.) / сұрақ (?) / леп (!).
  • Жеті ата → ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Ой қорыту

Тілдік сауаттылық — сөйлемді дұрыс құру мен тыныс белгілерін дұрыс қоюдан басталады; ал ұлттық таным — тегін танып, жеті атасын білуден көрінеді.

Оқулықпен жұмыс (5 минут): «Қолдану» және рефлексия

5-қадам — «Қолдану» (топтық жұмыс)

Оқулықтағы «Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқыңдар.

Нәтиже ауызша мадақтаумен бекітіледі.

6-қадам — «Баға беру» (топтық жұмыс)

Сен қалай ойлайсың: текті білу не үшін қажет?

Жауап: Қазақ баласы өзінің шыққан тегін, жеті атасын білуі үшін.

ІІІ кезең — Кері байланыс және бағалау (15 минут)

Оқушының құзыреттілік деңгейі үш деңгей арқылы анықталады. Тапсырмалар сабақтың соңына дейін қалған 12 минутта орындалып, 3 минутта қорытынды жасалады. Қалған бөлігі үйде аяқталады.

Жиналған балл дәстүрлі бағаға ауыстырылып, келесі сабақта журналға қойылады және мониторингке енгізіледі.

I деңгей — 5 балл

Теория: «Білу» (жеке жұмыс)

  1. Тыныс белгілерінің үш түрі бар.
  2. Текті білу — тегін емес.
  3. Адамға ең жақын — өз жұрты.
  4. Әкемнің әкесі — атам.

Практика: «Қолдану»

«Адасқан» әріптерден сөз құрастыр.

Нәтиже өлшемі: дұрыс, толық. Бұл деңгейден өте алмаса — қанағаттанарлық (3).

II деңгей — 9 балл

«Түсіну» және «Талдау» (жеке жұмыс)

1) Адамның отбасы неге өз жұртына жатады?

Жауап: Себебі ол — өзінің шыққан тегі.

2) Жеті атамызды не үшін білуіміз керек?

Жауап: Себебі қазақ баласы шыққан тегін білуі үшін.

3) Салыстыру тапсырмасы

Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жазу арқылы салыстыру (үлгі ретінде).

4) Дұрыс сөзді белгіле

  • Жіте таа → Жеті ата
  • Нмерее → Немере
  • Тсаыбо → Отбасы

Нәтиже өлшемі: дұрыс, толық. Бұл деңгейден өте алмаса — қанағаттанарлық (3).

III деңгей — 12 балл

«Жинақтау» және «Баға беру» (жеке жұмыс)

1) Сөзжұмбақты шеш

  1. Жыл мезгілі?
  2. Ас атасы…
  3. Әкеге сен кім боласың?

2) Сен қалай ойлайсың: жеті атаңды білмесең, кім боласың?

Жауап: Жеті атаңды білмесең, жетесіз боласың.

3) Өмірмен байланыстыру

Сабақта алған білім мен біліктілікті өмірдегі проблемалық жағдаятты шешуге қолдан: мысал келтір, шешу жолын ұсын.

Жеті атаға қатысты мақал

«Жеті атасын білмеген — жетімдіктің белгісі».

Түпкі нәтиже: 12 балл жинаса — өте жақсы (5). Білім сапасы: дұрыс, толық, әрекетті, терең, жүйелі.