Марқакөл қорығында кездесетін дәрілік өсімдік
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- «Геосәт білімділер сайысы»
- Сынып
- 8-сынып
- Пәнаралық байланыс
- Биология, қазақ тілі
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың география пәніне қызығушылығын оятып, дүниетанымын кеңейту; құрлықтар, елдер және туған өлкенің қызықты әрі күрделі географиясын меңгеру деңгейін бақылау; жаңаны білуге ынталандыру; тез ойлауға, өз білімін ортаға салуға және жүйелі жауап беруге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді.
- Жаңаны білуге қызығушылығы артады.
- Тез ойлап, нақты жауап беруге үйренеді.
Көрнекіліктер
Слайдтар, карточкалар, суреттер, бейнебаяндар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастырушылық кезең
- Оқушылармен амандасу.
- Сыныпты екі топқа бөлу: «Сұңқар» және «Тұлпар».
II. Негізгі бөлім
- Әр топ өзін таныстырады.
- Мұғалім сайыстың ережелері мен бөлімдерін түсіндіреді.
- Әділқазылар алқасының мүшелері сайланады.
Сайыс кезеңдері
- 1-кезең: Елдер мен астаналар
- 2-кезең: Білімді мыңды жығар
- 3-кезең: Әліпбиді әріпте
- 4-кезең: Қазақстан қорықтары
- 5-кезең: Ойлан, тап!
- 6-кезең: Топбасшылар сайысы
Кезеңдер мазмұны мен тапсырмалар
1-кезең: Елдер мен астаналар
8 ұяшықтың астында жасырылған 8 сұрақ беріледі. Әр топ ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Жасыл ұяшықтар
3 сұрақ-
Аустралияның астанасы
Жауабы: Канберра
-
Орыс қызының атымен аталатын астана
Жауабы: София
-
Африкадағы ең дамыған ел
Жауабы: Оңтүстік Африка Республикасы
Қызыл ұяшықтар
3 сұрақ-
Ең биік орналасқан астана
Жауабы: Ла-Пас
-
Жапырағында үйеңкі бейнеленген ел
Жауабы: Канада
-
Гринвич меридианы қай елдің астанасын кесіп өтеді?
Жауабы: Ұлыбритания — Лондон
Көк ұяшықтар
2 сұрақ-
Дәл ортасынан экватор кесіп өтетін ел және астанасы
Жауабы: Эквадор — Кито
-
Дүниежүзіндегі ең кішкентай ел қай астанада орналасқан?
Жауабы: Рим — Ватикан
2-кезең: Білімді мыңды жығар
Барлығы 12 сұрақ қойылады (сұрақтар штор арқылы жабылады). Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
-
Ауаның көлденең бағытта қозғалуы қалай аталады?
Жауабы: жел
-
Абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар қалай аталады?
Жауабы: изогиета
-
Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш болып қай ел мойындады?
Жауабы: Түркия
-
«Күн Шығыс» елі қайсы?
Жауабы: Жапония
-
Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс қалай аталады?
Жауабы: көл
-
Пішіні жолбарысқа ұқсайтын түбек
Жауабы: Скандинавия
-
Ұл баланың атымен аталатын пайдалы қазба
Жауабы: алмас
-
Қазақстан Республикасының ең қысқа шекарасы қай елмен және ұзындығы қанша?
Жауабы: Түрікменстан — 426 км
-
Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі
Жауабы: арал
-
Жер бетінде полюстен полюске ойша жүргізілген сызық
Жауабы: меридиан
-
Қыздың атымен аталатын көл
Жауабы: Виктория
-
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орында. Қай елден кейін?
Жауабы: Аргентинадан кейін
3-кезең: Әліпбиді әріпте
Алфавиттің бірнеше әрпі беріледі. Әр топ 7 әріп таңдап, сол әріптерге қатысты сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Әріптер бойынша тапсырмалар
Формат: сұрақ — жауапА
Бесінші мұхит деп аталатын қабық — атмосфера.
Ә
Астанасы Баку қаласы болатын мемлекет — Әзірбайжан.
Б
Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертетін жел — бриз.
В
Сирек кездесетін түсті металл — вольфрам.
Г
Атырау қаласының бұрынғы атауы — Гурьев.
Д
Палеозой эрасының дәуірі — девон.
Е
Ебінұр көлінің қазаншұңқырында соғатын жел — Ебі.
Ж
Каспийге құятын негізгі өзен — Жайық.
З
Жеті жұттың бірі — зілзала.
И
Жанартаулар елі — Исландия.
К
Белгілі бір жерге тән көпжылдық орташа ауа райы — климат.
Қ
Қазақстандағы аумағы ең үлкен облыс — Қарағанды.
Л
Бастапқы меридиан кесіп өтетін қала — Лондон.
М
Жезқазғанда мол қоры бар пайдалы қазба — мыс.
Н
Атом бомбасы тасталған Жапония қаласы — Нагасаки.
О
Мұнай экспорттайтын елдерді біріктіретін ұйым — ОПЕК.
Ө
Экологиясы жағынан ең лас қалалардың бірі — Өскемен.
П
Ежелгі біртұтас материк — Пангея.
Р
Қазақстанның ең ұзын шекарасы қай елмен? — Ресей.
С
Ғаламшарлардың бірі — Сатурн.
Т
Тынық мұхитта, Оңтүстік-Шығыс Азия маңында пайда болатын сұрапыл дауыл — тайфун.
У
Қазақтан шыққан географ-саяхатшы — Ш. Уәлиханов.
Ү
Теңіз деңгейінен шамамен 200 м биіктіктегі жазық — үстірт.
Ұ
АҚШ пен Канада шекарасында орналасқан нысан — Ұлы көлдер.
Ф
Қоры бойынша Қазақстан әлемде АҚШ-тан кейін 2-орында болатын пайдалы қазба — фосфорит.
Х
Вьетнам астанасы — Ханой.
Ц
«Құрылыс наны» аталатын материал — цемент.
Ч
АҚШ-тың ірі қалаларының бірі — Чикаго.
Ш
Климаты өте құрғақ, өсімдігі сирек аумақ — шөл.
Э
Екі полюстен бірдей қашықтықтағы ойша жүргізілген шеңбер — экватор.
Ю
БҰҰ-ның маманданған мекемесі — ЮНЕСКО.
Я
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы шағын арал — Ява.
4-кезең: Қазақстан қорықтары
Әр топқа қорықтар туралы 4 деңгейлі сұрақтан тұратын ұяшықтар беріледі. Әр топ тек өзіне тиесілі сұрақтарға жауап береді.
1-топ
4 сұрақ-
Ең алғаш құрылған қорық
Жауабы: Ақсу-Жабағылы (1926 ж.)
-
Арал теңізінің солтүстік-батысында орналасқан қорық
Жауабы: Барсакелмес қорығы
-
Марқакөл қорығында кездесетін дәрілік өсімдік
Жауабы: аралий
-
Жабайы алма түрі кездесетін қорық
Жауабы: Наурызым
2-топ
4 сұрақ-
Маңғыстау облысындағы ең жас қорықтардың бірі
Жауабы: Үстірт
-
Іле өзенінің «әнші тауы» Аққұм-Қалқан қай қорыққа тиесілі?
Жауабы: Алматы қорығы
-
Үстірт қорығында өсірілетін жабайы қой
Жауабы: муфлон
-
ЮНЕСКО тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген қорық
Жауабы: Қорғалжын қорығы
5-кезең: Ойлан, тап!
Ереже
- Әр топқа танымдық сұрақтар беріледі; жауап топпен ақылдасып айтылады.
- 3 көмек беріледі, бірақ бір ғана жауап қабылданады (екінші жауап есептелмейді).
Бағалау
Әр сұрақ 50 ұпай. Көмек алған сайын 10 ұпай шегеріледі.
Сұрақ 1
50 ұпайГрек мифологиясында Аполлон осы өсімдіктің жапырағынан гүлдесте жасап, оны басына және саз аспабына әшекей ретінде таққан. Содан бері бұл гүлдесте «даңқ символы» ретінде халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына тағылып келеді.
1-көмек
Отаны — Жерорта теңізі жағалауы.
2-көмек
Грекияның елтаңбасында бейнеленген.
3-көмек
Жапырағын дәмдеуіш ретінде тағамға қолданады.
Жауап: лавр жапырағы.
Сұрақ 2
50 ұпайБұл сусын алғаш рет XVIII ғасырда голландықтардың дастарханында пайда болды. Ресейге тосыннан келді: 1638 жылы Мәскеуден моңғол ханына сыйлық апарылады. Хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері оны әуелде пайдасыз деп қабылдағанымен, сыйлық патшаға жеткенде ұнап қалады. Алғашында дәрі ретінде қолданылды, ал XIX ғасырдан бастап өте көп тұтыныла бастады.
1-көмек
Отаны — Қытай.
2-көмек
Үндістан, Шри-Ланка, Жапония, Индонезия, Вьетнам, Грузия, Таиланд, Бирмада өсіріледі.
3-көмек
Қазақ арасында «ішпесе басы ауырады» деген әзіл де айтылады.
Жауап: шай.
Сұрақ 3
50 ұпайБұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Халықтың басым бөлігі әлемге әйгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Астанасы — материктегі ірі агломерациялардың бірі. Тарихи-мәдени ескерткіштері мен рекреациялық ресурстарының көптігі туризмнің халықаралық деңгейде дамуына ықпал еткен. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады, ал мақта экспорттың маңызды бөлігін құрайды.
1-көмек
Африка мен Азияда орналасқан.
2-көмек
Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
3-көмек
Пирамидалар елі.
Жауап: Египет.
Сұрақ 4
50 ұпайБұл елдің атауы өз тілінен аударғанда «төмен жатқан жер» деген мағына береді. Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан, халқы өте тығыз қоныстанған. Өнеркәсіпте жоғары технология салаларының үлесі жөнінен Жапониядан кейін алдыңғы орындардың бірін алады. Ауыл шаруашылығында көкөніс, жеміс-жидек өсіру жетекші орында; мал шаруашылығы сүтті бағытқа маманданған. Дүниежүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
1-көмек
Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
2-көмек
Гүлдердің отаны деп те аталады.
3-көмек
Екінші атауы — Голландия.
Жауап: Нидерланд.
6-кезең: Топбасшылар сайысы
Әр топтың басшысы сайысады: терминдерді ретімен жазып шығу тапсырмасы орындалады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Қорытынды
Әділқазылар алқасы ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды және марапаттайды.