Өзен атауы

6-сынып география сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы

§44. Өзендер

Оқу жабдығы

  • Атлас
  • Кескін карта
  • Плакат
  • Интерактивті тақта
  • Оқулық

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ–жауап Іздендіру Түсіндіру Салыстыру Әңгімелеу Талдау

Оқыту мақсаты

Өзен және өзен жүйесінің бөліктерін, олардың орналасу ерекшеліктерін меңгерту; оқушылардың оларды картадан таба алуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже

  • Өзеннің негізгі бөліктерін және олардың орналасу ерекшеліктерін біледі.
  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, өз пікірін дәлелдей алады; пәнге қызығушылығы артады.
  • Топтық жұмыста бірлесіп әрекет ете алады.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы оқушылардың белсенді қатысуына, талдау жасауына және картадан жұмыс істеуіне бағытталған.

1) Ұйымдастыру және ой сергіту

Екі топқа ортақ 6 сұрақ қойылып, алдыңғы тақырып бойынша білімдері пысықталады.

  1. 1 Теңіз дегеніміз не?
  2. 2 Көл дегеніміз не?
  3. 3 Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз? (ішкі, шеткі, арал аралық)
  4. 4 Бұғаз деп нені атайды?
  5. 5 Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?
  6. 6 Шығанақ дегеніміз не?

2) Жаңа сабақ

Белсенді әдіс

«Қар үйіндісі»

Топтық жұмыс

Оқушылар өзара талқылап, ортақ шешімге келеді.

Кластер құру

Екі топқа: өзендердің маңызы және қоректенуі бойынша кластер жасау.

3) Практикалық тапсырма

Екі ірі өзенге сипаттама беру: бір топ — Ніл, екінші топ — Есіл өзені.

Сипаттама жоспары

  • Өзен атауы
  • Қай материкте орналасқан
  • Бастауы (өзеннің басы)
  • Сағасы (құятын жері)
  • Ағыс бағыты
  • Салалары (оң және сол)
  • Қоректенуі

Қорытынды

«Синквейн» әдісі: өзен тақырыбы бойынша 5 жолдан тұратын өлең құрастыру.

Бағалау

Оқушылар бағалау парақшалары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасы

«Су — тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазу.

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі: оқушылар сабақтан алған әсерін үш түспен көрсетеді.

Қызыл

Ештеңе түсінбедім.

Сары

Орташа түсіндім.

Жасыл

Жақсы түсіндім.

БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы

Қажігумаров Нұрболат