Қасқыр мен түлкі
Сымбат жеке мектебі • Ақтөбе қаласы
Мұғалім: Кайдакова Жанат Бекболатовна
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Құрама есептер шығару; бір және екі амалмен шығарылатын есептер құрастыру; амалдарды орындау және салыстыру арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық
Математикалық тілін, логикалық ойлауын, ауызша қосу-азайту дағдысын, есте сақтауын, қиялын, зейінін және тапқырлық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Жылдам есептеуге, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, достық қарым-қатынасқа және тазалықты сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдіс-тәсілдері
- Хабарлау
- Сұрақ–жауап
- Түсіндіру
- Салыстыру
- Практикалық жұмыс
- Талдау
Көрнекіліктер және пәнаралық байланыс
Көрнекілігі
Балықтар, сөзжұмбақ, түлкі мен қасқырдың суреті.
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Кел, балалар, шапалақтап, Алақанды ұрайық. Жаңылғанды ортаға алып, Бір өнерін сұрайық. Жаңылмай, есепті Біз шығарып тұрайық.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты және барысымен таныстырады. Бүгін сабаққа қонақтар келді: олар бізден көмек сұрап отыр.
Мұғалім
Балалар, қонақтарымызға көмектесуге дайынбыз ба?
Оқушылар: Иә, дайынбыз.
Қасқыр мен түлкі
Балалар, біз сендерден көмек сұрауға келдік! Берілген тапсырмаларды орындап, балық ұстауға көмектесіңдерші! Жақсылықтарыңды ұмытпаймыз!
III. «Су түбіне саяхат»
Сөзжұмбақ шешу
Тақырыптық ұғым: сандық – ондық.
IV. «Ханшайымға көмектес»
V. Көркем жазу және математикалық диктант
1-тапсырма
10 және 60 сандарының қосындысына 8-ді қос.
Ш: 10 + 60 + 8 = 70 + 8 = 78
2-тапсырма
70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қос.
Ш: 70 + (12 – 6) = 70 + 6 = 76
3-тапсырма
65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт.
Ш: (65 – 5) – 30 = 60 – 30 = 30
4-тапсырма
90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос.
Ш: 90 + (11 – 9) = 90 + 2 = 92
VI. Сергіту сәті
«Ұлпа қарды ұстап ал» қимыл-қозғалыс ойыны.
VII. Оқулықпен жұмыс
№2
а) Барлығы неше кітап?
Ертегі кітап: 8
Жануарлар туралы кітап: ? (3-еуі кем)
Ш: (8 – 3) + 8 = 5 + 8 = 13
Ж: Ләззатта барлығы 13 кітап бар.
ә) Жануарлар туралы неше кітап?
Ертегі кітап: 8
Жануарлар туралы кітап: ? (3-еуі кем)
Ш: 8 – 3 = 5
Ж: Ләззатта жануарлар туралы 5 кітап бар.
№3. Сурет бойынша есеп құрастыру
а) Кәмпит бағасы
Торт: 70 теңге
Кәмпит: ? (40 теңгеге арзан)
Ш: 70 – 40 = 30
Ж: Кәмпит 30 теңге тұрады.
ә) Жалпы құны
Торт: 70 теңге
Кәмпит: ? (40 теңгеге арзан)
Барлығы: ? теңге
Ш: 70 + (70 – 40) = 70 + 30 = 100
Ж: Кәмпит пен тортқа барлығы 100 теңге төледі.
№5. Ұжымдық жұмыс
Өлшем бірліктері
5 дм 7 см = 57 см
50 см + 41 см = 91 см
1 м 90 см = 190 см
10 дм = 1 м
Масса және азайту/қосу
10 кг + 30 кг = 40 кг
5 кг + 7 кг = 12 кг
18 кг – 9 кг = 9 кг
15 кг – 7 кг = 8 кг
46 кг – 6 кг = 40 кг
№6. «Кім тапқыр?» ойыны
VIII. «Алма жинау» ойыны
Оқушылар ауызша есептеуді орындап, дұрыс жауаптарды жинақтайды.
Түлкі
Рақмет, балалар! Сендер нағыз доссыңдар!
Қасқыр
Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Сау болыңдар, балалар!
IX. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және ауызша есептеудегі белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.