Ана біздің күніміз Жібек

Ана — біздің күніміз

Бұл мерекелік кеш — аналарға, әжелерге деген құрмет пен алғысқа арналған жылы жүздесу. Ән мен би, ойын мен өлең арқылы балалар өздерінің мейірімін, ризашылығын, жүректен шыққан тілектерін жеткізеді.

Негізгі ой

Ана — адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі жан. Мейірім мен жылулықтың бастауы.

Кештің өзегі

Балалардың лебізі, ән-шашу, би, мақал-мәтел, әжелерге арналған арнайы бөлім.

Кіріспе сөз (тәрбиеші)

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап анасы жұмсақ алақанымен, жылы жүзімен, ыстық құшағымен, мейірімге толы көзқарасымен бар сүйіспеншілігін сыйлайды.

Адам бойындағы асыл қасиеттердің нәрі — күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан, аналарды құрметтейік, аналар алдында бас иейік.

Бүгін — 8 Наурыз

Сұлулық пен мейірім мерекесі. Ендеше, балалардың аналарға арнаған жылы лебізін тыңдайық.

Балалардың өлеңдері

Динара

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана — өмірдің бәйтерегі, Ана — алтын қазық, алтын бақ.

Серік

Баланың да тірегі, Дананың да тірегі. Шаншымасын ешқашан Аналардың жүрегі.

Ақбота

Мәпелейсің мені, анам, Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп, дем алам Құшағыңда қысылмай.

Музыкалық сәт

  • Ән: «Анашым»
  • Би: «Малинка» (қыздар мен ұлдардың орындауында)

Ән-шашу және көңілді шумақтар

Бүгінгі қыздардың мерекесіне орай ұлдарымыз әзіл-оспақты ән-шашуын ұсынады.

Орындау

Ән: «Су тасушы қыз»

Ерлан

Еркелесем күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым, күнім» дейтін.

Айсұлу

«Ана» деген сөзді де, «Апа» деген сөзді де, «Әке» деген сөзді де, «Тәте» деген сөзді де, «Аға» деген сөзді де…

Хормен балалар: Ойлап тапқан — балалар.

Данияр

«Күнім», «жаным» дегенді, «Құлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Айналайын» дегенді, «Толған айым» дегенді…

Хормен балалар: Ойлап тапқан — аналар.

Келесі бөлім

  • Ән: «Мереке күніңмен»
  • Ойын: «Гүлді кім көп жинайды?»

Әжелерге құрмет

«Құлыным» дейді әжем, бірақ мен баламын. «Әппағым» дейді әжем, бірақ мен қарамын… — деп Шөмішбай Сариев жырлағандай, қуанышымыз бен ренішімізді бөлісетін, әрдайым мейіріммен қарсы алатын жан бар. Ол — әжеміз.

Осы залда отырған әжелеріміздің құрметіне балалар ән шырқайды.

Орындау

Ән: «Ақ әжем»

Ойын

«Кімнің дауысы?» — анасы не әжесі дауыстайды, бала дауысты ажыратады.

Индира

Таусылмайды өлеңі, Күнде айтып береді. Барған сайын қонаққа, Кәмпит алып келеді. Әжем мені, өйткені Өте жақсы көреді.

Марат

«Айналайын» дегені Жанға рақат береді. Көңіліңді табады, Әнді қандай салады!

Бесік жыры — мейірімнің әуені

Балаға деген ана махаббаты көбіне бесік жыры арқылы беріледі. Ана баласын бесікке бөлегенде ең алдымен әлди айтады. Ендеше, қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын орындасын.

Дильназ

Әлди, әлди, әл бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін.

Ойын: мақалдың жалғасын тап (ата-аналармен)

Бір бала мақалдың бастапқы бөлігін айтады, ал анасы жалғасын табады:

  • Ананың сүті — …
  • Баланың тілі — …
  • Қыз өссе — …, гүл өссе — …
  • Анаға қарап — …, әкеге қарап — …

Жүректен шыққан тілектер

«Бала тілі — бал» дегендей, балалардың аналарға арнаған шынайы тілектері оқылады (әр баланың тілегі кезекпен айтылады).

Тілектердің түйіні: ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар, әрдайым әдемі де сүйкімді болып жүріңіздер.

Би

Балалардың атынан аналарға арналған вальс биі орындалады.

Көктемнің сыйы

Көктем

Сәлем, өрен достарым, Алақанды тос бәрің. Қымбатты сый алыңдар, Қызығыма қаныңдар.

«Міне, балалар, бұл — менің мол байлығым». Қыздарымыз шаштарына резеңке тағып, көктемдей құлпырып жүрсін деп сыйлық әкелінді. Ұлдар қыздарға тапсыруға көмектеседі.

Қорытынды би

Би: «Ча-ча-ча»

Қорытынды

Барға қанағат етіңіздер, жақсылыққа риза болыңыздар. Білмегенімізді үйреніп, үйретіп жүрейік. Осы қызықты кешті осымен түйіндейік — аман болсақ, әлі талай қуанышта қауышамыз.

Мереке соңында балалар өз қолымен жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.