Сөзжұмбақты шешіп көр
Сабақ тақырыбы: Зат есім
Бұл сабақта оқушылар зат есім туралы бастапқы түсінік қалыптастырып, оған қойылатын сұрақтарды меңгереді және зат есімді басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйренеді.
Сабақтың мақсаты
- 1 Білімділік: зат есім туралы түсінік беру, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімді ажырата білуге үйрету.
- 2 Дамытушылық: танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
- 3 Тәрбиелік: сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлауға баулу.
Ұйымдастыру
- Көрнекі құралдар
- интерактивті тақта, сөзжұмбақ, суреттер, жұмбақтар.
- Әдіс-тәсілдер
- түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация, топтастыру стратегиясы.
- Сабақтың түрі
- жаңа сабақ.
- Пәнаралық байланыс
- әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақ ұраны
Қазақ тілім — өз тілім, дара тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — қазақ тілім.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
2) Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы “5”-ке қол жеткізу!
3) Үй тапсырмасын тексеру: «Кім тапқыр?»
Берілген сөздерді сөз таптарына ажыратып, кестені толтырыңыз.
| Мысал | Зат есім | Сан есім | Сын есім | Етістік |
|---|---|---|---|---|
| алма | алма | — | — | — |
| барды | — | — | — | барды |
| жеті | — | жеті | — | — |
| қызыл | — | — | қызыл | — |
| тарақ | тарақ | — | — | — |
| оқыды | — | — | — | оқыды |
| қоңыр | — | — | қоңыр | — |
| он | — | он | — | — |
4) Өткенге шолу: «Ой ашар»
Өткен сөз таптарын, олардың ережелері мен сұрақтарын еске түсірейік.
Зат есім
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Сын есім
Қандай? Қай?
Сан есім
Қанша? Неше? Нешінші?
Етістік
Не істеді? Қайтті? Не қылды?
II. Мағынаны тану
1) Ой қозғау: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты шешіп көрейік. Шешуі:
- 1. Қыз
- 2. Шаңырақ
- 3. Түйе
- 4. Шеге
- 5. Сандық
- 6. Бүркіт
- 7. Домбыра
Сұрақ: Бұл суреттер нені білдіреді?
Жауап: Заттың атын білдіреді.
Қорытынды: Сөзжұмбақтың тігінен шыққан сөз тіркесі — зат есім.
2) Жұрнақ арқылы жаңа сөз жасау
Мысал: шаңғы сөзіне -шы жұрнағын қосып жазамыз: шаңғышы.
Сұрақ: «Шаңғышы» сөзіне қандай сұрақ қоямыз?
Жауап: Кім?
Тапсырма: «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтіріңіз.
Есте сақтайық: Заттың атын білдіретін сөздерге Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтар қойылады. Мұндай сөздер зат есім деп аталады.
Автор туралы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі — Кожабекова Жанна Амантаевна.