Мынау қай пішін түрі

Мақсаты

Балалардың геометриялық пішіндерді ажырата білуін қалыптастыру; пішіндерге ұқсас заттарды табуға үйрету; пішіні ұқсас заттарды тану дағдысын дамыту; пішіндерден бейне құрастыруға және түстерін дұрыс атауға баулу.

Негізгі ұғымдар

Үшбұрыш

3 бұрышы бар пішін

Төртбұрыш

4 бұрышы бар пішін

Дөңгелек

Бұрышы жоқ пішін

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Балаларға шеңбер болып тұру ұсынылады. Тәрбиеші балалардың назарын қоршаған ортаға аударады:

Жылы амандасу

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, Жер-ана!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Тәрбиеші балалармен сұрақ-жауап жүргізеді:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде күн қандай болады?
  • Не жауады?
  • Күн салқындап, жел тұрғанда жапырақтар не істейді?
  • Жапырақтардың түсі қандай?

Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс-әрекетінде геометриялық пішіндермен танысамыз: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Үшбұрыш

Мынау — үшбұрыш. Түсі қандай? Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

Төртбұрыш

Мынау — төртбұрыш. Түсі қандай? Бұл пішіннің неше бұрышы бар?

Дөңгелек

Мынау — дөңгелек. Дөңгелектің түсі қандай? Дөңгелекте бұрыш болады ма?

Топқа бөліну

Тәрбиеші қолындағы карточкалар арқылы балаларды түстеріне сәйкес орталықтарға бөледі.

Орталықтардағы жұмыс

Әдебиет орталығы

Тақпақты мнемотаблица арқылы жаттаймыз:

Төртбұрышты қолданып,

Үшбұрыш қолданып,

Көрпешені жасаймын,

Әдемісін ішінен

Қуыршаққа сыйлаймын.

Құрастыру орталығы

Дьенеш технологиясы арқылы үй құрастырамыз.

  • Пішіндерді таңдау: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.
  • Пішіндерді үйлестіріп, үйдің бөліктерін құрастыру.

Бейнелеу орталығы

Дидактикалық ойын: «Жоғалған пішінді тап».

Шарты

Бос орынға тиісті пішінді салып толықтыр: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.

Қорытынды

Сабақ барысында балалар геометриялық пішіндерді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) ажыратып, олардың түстерін атауға, ұқсас заттарды табуға және пішіндерден бейне құрастыруға машықтанады.