Жас қаржыгерлер ойыны

Сабақтың тақырыбы

Қайталау есептері

Мақсаты

Білімділік

Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды, берілген қатардың өзгеріс ауқымын және модасын анықтауды үйрету. Қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімін тереңдету.

Тәрбиелік

Статистикалық сипаттамаларға қатысты есептерді қаржылық сауаттылық мазмұнымен байланыстыра отырып, кәсіби бағдарын дамыту.

Дамытушылық

Кәсіпкерлікке және іскерлікке баулу, өмірдегі өзгерістерге ойланып қарауға және пайымдауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II «Биржа» ойыны
  3. III Бизнес-жоспар
  4. IV «Жас қаржыгерлер» ойыны
  5. V Жәрмеңке
  6. VI Аукцион
  7. VII Үй тапсырмасы
  8. VIII Оқушыларды бағалау және рефлексия

I кезең: «Биржа» ойыны

Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті статистикалық сипаттаманың атын жазыңдар (арифметикалық орта, мода, өзгеріс ауқымы).

№1 карточка

15 + 21 + 17 + 18 + 19 = 90
90 : 5 = 18

Сандардың ________________ = 18

№2 карточка

3,5; 4,8; 4,7; 4,8

Сандардың ________________ = 4,8

№3 карточка

41; 43; 40; 39

Сандардың ________________ = 4

№4 карточка

2,5; 3; 2,5; 1,8; 1,8

Сандардың ________________ = 2,5 және 1,8

II кезең: Бизнес-жоспар

Оқулықпен жұмыс, №890.

Есеп

Мұрат балық аулауға барғанда үш балық ұстады. Біріншісінің салмағы 0,125 кг, екіншісінікі — 0,205 кг, ал үшіншісінікі — 0,18 кг. Балықтардың орташа салмағын анықтаңдар.

Шешуі

0,125 + 0,205 + 0,18 = 0,51
0,51 : 3 = 0,17

III кезең: «Жас қаржыгерлер» ойыны

Ұпайлардың арифметикалық ортасы

(13 + 13 + 12 + 13 + 10 + 13 + 12 + 10) : 8 = 12

Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы — 12 ұпай.

3-есеп: Моданы табу

Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары: 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5. Осы бағалардың модасы қай баға?

Мұғалім

Математика пәні мұғалімі: Хыдырбек А.