Автормен таныстыру
Сабақтың мақсаттары
Сабақ Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі арқылы оқушының оқу сауаттылығын арттыруға, білімнің маңызын терең түсіндіруге және шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады.
Білімділік
- Автор туралы мәлімет беру, өлең мазмұнын терең ұғындыру.
- Сөздік қорды байыту, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
- Көркемдік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
- Өз бетімен жұмыс істеуге, ақпараттан қорытынды шығаруға дағдыландыру.
- Дербес ойлауды және шығармашылықпен жұмыс жасауды дамыту.
Тәрбиелік
- Оқу-білімнің өмірлік қажеттілік екенін түсіндіру, білімге құштарлық ояту.
- Өсиет сөздерден ғибрат алып, оны өмірде қолдануға баулу.
- Елге еңбегі сіңген тұлғаларды құрметтеуге және кәсіптік бағдарға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспесі
Мұғалім өзін таныстырып, сабақтың мақсатын хабарлайды: ана тілі пәнінен оқығанымызды еске түсіріп, ойымызды ортаға салу.
Ы. Алтынсариннің үндеуі
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырмалар
- 1Қадыр Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңін жатқа айту.
- 2Әр шумақтың мағынасын түсіндіру.
- 3Оқушылардың өздері құрастырған өлеңдерін оқыту.
Оқушыны дамытуға бағытталған сұрақтар
- Автор мұғалімді неге анаға теңейді?
- Күнделікті өмірде мұғалімнің сендерді өз баласындай көретінін қалай дәлелдейсіңдер?
- Мұғалімді қуанту үшін не істеу керек?
- Мұғалімнің арманы қандай деп ойлайсыңдар?
Психологиялық дайындық (сыни ойлау)
«Ералаш» киножурналынан үзінді көрсетіледі. Оқушылар көргені бойынша ой түйеді.
Талқылау сұрағы
Отбасы мүшелерінің көңіл күйі неге төмен?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабаққа көпір
Сұрақ: Мұғалімнің арманы орындалуы үшін не істеу керек?
Жауап: Оқу керек, білім алу керек.
Демек, бүгінгі тақырып — оқу мен білім туралы.
Дәптермен жұмыс
Тақырып: «Қарағым». Мағжан Жұмабаев.
1) Автормен танысу (1893–1938)
Оқушылардан автор туралы бұрыннан білетін ақпарат жиналып, сатылай кешенді талдау элементтері қолданылады.
- Әкесі
- Бекен
- Шешесі
- Гүлсім
- Атасы
- Жұмабай
- Мұғалімі
- Ахметден
Шығармалары
- «Батыр Баян»
- «Қорқыт»
- «Оқжетпестің қиясында»
- «Қойлыбайдың қобызы»
- Ертегілер
2) Өлеңмен жұмыс
Оқу түрлері
- Іштей оқу
- Мәнерлеп оқу
- Тізбектей оқу
Сөздік жұмысы
- Қармаған
- — бір нәрсені ұстау, қармау.
- Кемеңгер
- — дана, данышпан.
Өлең — әдеби шығарма. Әдеби шығарманың негізгі ойы (идеясы) болады, ал өлең жолдары өзара мағыналық әрі құрылымдық байланыста тұрады.
Жаңа сабақты бекіту
Көркемдік ерекшелікті тану (үлгі)
Өлеңнің көркемдік ерекшеліктерін анықтау үшін Бүркіт Ысқақовтың Отан туралы өлеңінен үзінді үлгі ретінде ұсынылады:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Шығармашылық жұмыс (өз бетімен)
1-нұсқа: Өлеңнің алғашқы бес жолындағы ұйқастарды шартты белгілермен көрсетіңдер.
2-нұсқа: Өлеңнің соңғы бес жолындағы ұйқастарды шартты белгілермен көрсетіңдер.
Тексеру: кілт бойынша өзін-өзі тексеру.
Сергіту сәті: «Жалғасын тап» ойыны
Мұғалім мақалдың басын айтады, оқушылар жалғасын табады.
- Мектеп — кеме, білім — теңіз.
- Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
- Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
- Білімсіздің күні кәріп, білімдінің күні жарық.
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Мақалдардың мағынасына арнайы назар аударылады.
Бекіту сұрақтары
- Мағжан атамыз жастарға қандай өсиет айтады?
- Өлеңнен мақалды кім тауып бере алады?
- Осы мақалдың мағынасына ұқсас қандай мақалдар бар?
Ұқсас мақал-мәтелдер
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- Талаптансаң, арманыңа жетесің.
Қорытынды сұрақ: Өлеңдегі негізгі ой қандай және ол қай жолдарда айқын көрінеді?
Қимылды тапсырма: «Тізбек құру» ойыны
Оқушыларға 1-ден 8-ге дейінгі сандар таратылады. Белгі берілгенде олар тақтаға ретімен шығып, артындағы буындар арқылы бір мақал құрастырады.
Нәтиже
«Оқу — білім бұлағы»
Ойды тереңдету
Сұрақ
Жастайынан оқып, білім мен өнер қуған қандай тұлғаларды білесіңдер?
Оқушылар жауаптары тыңдалып, ой жүйелеуге бағытталады.
Сұрақ
Өскенде кім болғың келеді? Неліктен?
Жауаптар арқылы мақсат қою және уәж қалыптастыру көзделеді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Таңдаған мамандықтың білікті иесі болып, Отанымызға пайдалы азамат атану үшін ең алдымен оқу мен терең білім қажет. 12 жылдық білім берудің артықшылықтарының бірі — мектепті аяқтаған кезде белгілі бір бағыт бойынша қабілет пен дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Дегенмен білім алуды тоқтатпау маңызды: Мағжан Жұмабаевтың өсиеті — уақытты босқа өткізбей, ізденісті жалғастыру.
Еліміздің болашағы — білімді ұрпақ. Сондықтан әр күнгі еңбектің өзегі — оқу, тәртіп және табандылық.
Үй тапсырмасы
Оқу
37–38-беттер: «Қарағым» өлеңін жаттап келу.
Жазба жұмысы
«Білімсіз күнің жоқ» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Бағалау
Сабақтағы белсенділік, мәнерлеп оқу, жауап сапасы және шығармашылық тапсырмалар нәтижесі бойынша бағаланады.
Сау-саламат болыңыздар!