Қуан шаттан, Қуан шаттан
Сабақ тақырыбы
Жануарлар және тіршілік
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану
Оқу мақсаттары
-
5.Т.А6
Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғағы арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу және өз пікірін білдіру.
-
5.О5
Мәтін мазмұнын түсінуге және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
-
ӘТН3
Антонимдер мен синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Қажетті құрал-жабдықтар
Сандық ресурстар
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- «Жануарлар әлемі» циклінен деректі фильм
Кеңсе құралдары
- А4 парақтары
- Қайшы
- Маркер
- Кестелер
Шығармашылық материалдар
- Түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер
- Желім қағаздар
Оқыту әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- «Шаттық шеңбері» тренингі
- Эссе
- Жеке әңгіме техникасы
- «Жағымды сөздер» тәсілі
Дереккөздері
- Әдістемелік құрал
- Интернет желісі
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Шаттық шеңбері» тренингі ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеу жүргізеді.
Тренинг мәтіні
Орнымыздан тұрайық,
Артқа қарай бұралайық.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасы тексеріледі. Қайталау сұрақтары арқылы негізгі ұғымдар пысықталады:
- Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
- Сөздің ауыспалы мағынасы қалай жасалады?
- Мысал келтір.
Қызығушылықты ояту
Шаттық өлеңі
Қуан, шаттан,
Қуан, шаттан.
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Оқушылар бір-біріне күлімсіреп қарап, көңіл күйі туралы қысқаша бөліседі. Жаңа сабаққа қызығушылықты арттыру үшін төрт түлік туралы деректі фильм көрсетіледі.
Ой шақыру сұрақтары
- Төрт түлік туралы қандай жаңа мәлімет алдық?
- Үй жануарларының біз білмейтін қандай қасиеттері болуы мүмкін?
Автор және мекеме
Мекеме
БҚО, Сырым ауданы, ЖББ Қызылағаш негізгі мектебі
Мұғалім
Туменбаева Гульнар Зайнуллиевна