Авторы кім

Сабақтың тақырыбы

Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты

А) Білімдік

  • Жәнібек Кәрбозин туралы мәлімет беру.
  • Оқушыларды мәтінді жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.

Ә) Дамытушылық

  • Оқу дағдыларын және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
  • Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Б) Тәрбиелік

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Бір-бірін сыйлауға және ата-ананы құрметтеуге баулу.
  • Айтқанды тыңдай білетін, қамқор, жанашыр, әділ болуға үйрету.

Сабақтың ресурстары мен ұйымдастырылуы

Көрнекілік құралдары

Оқулық, интерактивті тақта, автордың суреті, мақал-мәтелдер.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, бағалау, мадақтау.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

  • Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Үй жұмысын тексеру

  1. М. Әлімбаев кім?
  2. Оның қай шығармасымен таныстық?

Топтық жұмыс: «Кім жомарт? Не жомарт?»

1-топ

Жомарттықты қалай түсінесіңдер?

2-топ

Өлеңді мәнерлеп, диалог түрінде оқыңдар.

3-топ

Өлеңнің негізгі ойы мен идеясын өз сөздеріңмен әңгімелеңдер.

Карточкамен жұмыс

  1. «Кім?» «Не?» сұрақтарының қай жерде қойылатынын білесің бе?
  2. 161-беттегі жағдаятты талда.
  3. «Сараңда бар болса да — жоқ, жомартта жоқ болса да — тоқ» мақалына сүйеніп, «жомарт» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

3) Ой қозғау және тілдік жұмыс

Сызбамен жұмыс

«Жомарт» деп қандай адамды айтамыз?

«Жалғасын тап» ойыны (161-бет, 1-тапсырма)

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын.

Сөз мағынасына назар аударайық

Қарамен берілген сөздерге мән беріп, мәндес сөздер айтып көрейік. Әсіресе «жүз» сөзінің көпмағыналылығын талдаймыз:

  • Адамның жүзі.
  • Пышақтың жүзі.
  • Үш жүз: Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз.
  • Сан ретінде: «жүз» — үш таңбалы сан.

Сом, ақша, тиын, теңге — бәрі де ақшаға қатысты ұғымдар. Теңге — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1993 жылғы 15 қарашада айналысқа енгізілді.

Ақша — тауар алмасудың құралы. Сендер күнделікті өмірде қандай номиналдарды жиі қолданасыңдар?

20 теңге монетасы 2007 жылғы 30 наурызда бекітілген. Тәуелсіздікке дейін тиын түріндегі ақша жиі қолданылған.

4) Жаңа сабақ

Бүгін Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесімен танысамыз.

Жәнібек Кәрбозин туралы

Жәнібек Кәрбозин — балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын. Ол 1933 жылғы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында дүниеге келген. Балаларға арналған «Бәйшешек», «Ысқырық», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.

Оқулықпен жұмыс

«Жиырма тиын» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Сергіту сәті

«Апам үшін».

Дәптермен жұмыс: сөздік

Милығы
Қас пен маңдай сүйегінің аралығындағы сүйек қуысы.

Ойын арқылы оқу

«Орамал тастау» ойыны арқылы мәтінді дауыстап оқыту.

5) Қорытындылау және бекіту

Талқылау

Ақшаны жоғалтып алмау және ұрлықтан сақтау үшін үйде қай жерде сақтаған дұрыс?

«Сырлы сандықтың ішінде не бар екен?» — бірге қарап көрейік.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Әңгіменің соңғы сөйлемін қайта оқы.
  2. Апасы Алтайға неге риза болды?
  3. Өз басыңнан осыған ұқсас оқиға өтті ме?
  4. Алтайдың іс-әрекетіне баға бер.
  5. «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» деген мақалдың мәтінге қатысы бар ма?
  6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан бекітілді?
  7. Теңгенің авторы кім?

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау.

Үй тапсырмасы

Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесін оқу.