Алқа тоқу

Сабақ тақырыбы: Алқа тоқу (9-сынып, технология)

Пән
Технология
Сынып
9
Сілтемелер

Е. В. Ермилова, И. А. Товченик. Технология, 9 сынып. Алматы: «Мектеп», 2012.

Интернет материалдары, нұсқау карталар.

Жалпы мақсаттар

  • Оқушылардың бисермен жұмыс істеу шеберлігін арттыру, білімін жүйелеу.
  • Алқа түрлерімен таныстыру.
  • Алқа тоқудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Оқыту нәтижелері

  • Алқа тоқудың негізгі жолдарын үйренеді.
  • Жұптық және топтық жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Сабақ құрылымы (тапсырмалар)

  1. I

    Үй тапсырмасын сұрау

    «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы

  2. II

    Жаңа сабақ

    «Ой қозғау» стратегиясы

  3. III

    Практикалық тапсырма

    «Ішіне – сыртына» стратегиясы

  4. IV

    Сергіту сәті

    «Кім жылдам?» ойыны

  5. V

    Сабақты бекіту

    Тест жұмысы

  6. VI

    Қорытынды

    «ББҰ» стратегиясы

  7. VII

    Үй тапсырмасы

  8. VIII

    Бағалау және кері байланыс

Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Сабаққа даярлығын және құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Сыныпты топқа бөлу: алқаның суреттері бар қиынды қағаздар арқылы.
  • Бағалау критерийлерімен таныстыру, бағалау парақшаларын тарату.

II. Үй тапсырмасын тексеру («Ойлан, жұптас, талқыла»)

1) Бисер деген не?

2) Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

3) Бисермен тоқу нені талап етеді?

4) Бисер қай кезден бастап пайда болды?

III. «Ой қозғау» (сұрақ-жауап)

Төмендегі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың кілт сөздерін еске түсіріп, ұғымдарды нақтылаймыз.

Әріп Сұрақ Жауап
А Мойынға тағылатын әшекей? Алқа
Л Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім? Ломоносов
Қ Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе — тынбайды. Қайшы
А Бисерді неден жасайды? Металл
Т Бисердің бір түрі? Таяқша
О Бисерді көп өндірген ел? Жапония
Қ Әйел баскиіміне тағылатын үлкен маржан моншақ қалай аталады? Былқылдақ
У «Бисер» сөзі арабтың қай сөзінен шыққан? Буера

Жаңа сабақ: алқа тоқу

Алқа — әшекей ғана емес, мәдени мұра

Қазақ зергерлері қыз-келіншектердің ажарын ашатын, көркін айшықтайтын бұйымдарды көп жасаған. Сол зергерлік бұйымдарды сәндеуде моншақ пен бисер кеңінен қолданылған.

Мысалы, әйел баскиіміне тағылатын үлкен маржан моншақ «былқылдақ» деп аталған. Ал сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтар «жырға» деп аталады.

Алқаның жасалу ерекшелігі

Алқаны бисерден де, алтын мен күмістен де соғып, асыл тастарды тізіп, салпыншақтап жасауға болады. Алқа — мойынға тағылатын сәндік бұйым.

Алқа бөлшектерінің атауы

  • Алақан — алқаның ортаңғы негізгі бөлігі (тақтасы).
  • Аяқ — алқаның салпыншағы.
  • Тойнақ — алқаның екі ұшын біріктіретін топса.

Материалына қарай аталу түрлері

Алқаның атауы көбіне жасалған материалына байланысты берілген:

  • Лағыл (рубин) алқа
  • Маржан (коралл) алқа
  • Меруерт (жемчуг) алқа
  • Жарқылдауық тасты (самоцвет) алқа

Бүгінгі сабақта тоқитын бұйымымыз — бисерден алқа.

Қысқаша тарихи шолу

Моншақ тарихы тереңде жатыр: неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Мысырда, орта ғасырлардағы Венецияда, Русьте және Орта Азияда шыныдан жасалған моншақтар кең тараған.

«Моншақ» сөзінің шығуына байланысты «мойын-шақ» немесе «мойын-тақ» сөздерінен құралған болуы мүмкін деген пікір бар.

Қазіргі кезде халық шығармашылығында бисермен әшекейлеу қайта жаңғырып келеді. Бай мұраны жинақтап, сұрыптап, бүгінгі талғамға сай түр беру — қазіргі ұрпақтың маңызды міндеті.

Бисерден жасалатын сәндік бұйымдар

Алқа Сырға Білезік Тұмарша

Жұмыс орнын ұйымдастыру

Бисермен тоқу жұмысы қызықты әрі қарқынды жүруі үшін құрал-саймандардың түгел болуы ғана жеткіліксіз. Ең маңыздысы — жұмыс орнын ыңғайлап алу және бисерді дұрыс орналастыру.

Бисерді орналастыру

  • Бір бетті (бедерсіз) фанералы жастықшаға жұқа мата төсеп, түрлі түсті бисерді бөлек үйіп қою.
  • Терең емес (5–10 мм) тәрелке қолдануға болады.
  • Әр түсті бисерді бөлек тәрелкеге немесе биіктігі төмен қорапшаларға салған дұрыс.

Жарық және көзді қорғау

  • Жұмыс орны жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек.
  • Жарық жеткіліксіз болса, көз тез шаршайды.
  • Әр сағат сайын 10–15 минут үзіліс жасап, көзге демалыс беру қажет.

Бисермен жұмыс мәдениетін қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту — ортақ міндет.