Анашым, мерекеңмен

Құттықтау сөзі

Анашым, мерекеңмен! Құрметті әжелер, аяулы аналар, қадірлі әріптестер және қыздар! Сіздерді 8 наурыз — Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Құттықтай отырып, балаларымыздың сіздерге арнаған шағын ән-шашуын қабыл алыңыздар.

Ана туралы

Дүние көркі, мықты ерік — ол Ана.

Сәби үшін жұмсар күш — ол Ана.

Мейірім толы, жұмсақ қол — ол Ана.

Биік асқар, ұзақ жасар — ол Ана.

Бағдарлама

Би

Өзбек биі — қыздарымыздың орындауында.

Әжелерге арналған өлең жолдары

Әже деген көп шығар,

Әжедей адам жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ортаға өлең оқитын балалар: Саятжан, Әділхан, Мирас, Дәулет.

Би

«Фиксики» биі.

Анаға арналған тақпақ

Ақ сүт берген анашым,

Ақ сүтіңді ақтармын.

Ақыл берген анашым,

Күнде сені мақтаймын.

Ортаға шығатын балалар: Алтынбек, Бекжан, Санжар (Б.), Санжар.

Ән

«Ақ мамам» әні.

Сізге арналады әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын өзіңіз.
Тәрбиелі ұл-қыз өсірген,
Ұлы Ана, ұзақ өмір сүріңіз!

Жеке орындау

Мединаның орындауында үнді биі.

Қыздар биі

Кербезденіп сұлу қыздар,

Мұндай қыздар Жылыойда бар.

Бұратыла билегенде,

Бәрі биге таң қалар.

«Қуыршақтар» биі.

Қыздар мерекесі

Бүгін — балаларымыздың, қыздарымыздың да мерекесі. Ендеше, қыздарымызды биге шақырамыз!

Вальс биі.

Әжеге арналған өлең

Ақ қалтасын ақтарып,

Қос қолымен уыстап,

«Базарлығым, балам!» деп,

Төгіп жатыр бауырсақ.

Шай қайнатып келейін,

Шекер салып, жан әжем.

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем.

Менің әжем — ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем — жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр, әжем.

Би

«Чунга-Чанга» биі.

Қорытынды тілек

Аналар, қалықтап бақыт аралына,
Қиындық қонбасын жанарыңызға.
Осыменен ертеңгілік аяқталып,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мәлімет

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектеп.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Кульчикова Марал Насиповна.