Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту

Мектеп №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Досмурзина Салтанат Каматовна

Сабақ тақырыбы

Кешірім мен келісім

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

  • мейірімділік
  • кешірімшілдік
  • адамгершілік

Сабақтың мақсаты

Кешірім мен келісімге келудің «дұрыс әрекет» құндылығынан туындайтыны туралы түсінікті кеңейту.

Міндеттері

  • Кешірімді болуға үйрету.
  • Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту.
  • Мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, дәптер, аудио және видео жазбалар.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • 5Т «Тыныштық сәті»: баяу әуен тыңдай отырып орындау («Күннің нұры»).
  • Кім өз әсерімен бөліскісі келеді?

2) Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма

13-сабақ. 67–70-беттердегі «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу.

Талқылау сұрақтары

  • Бұлбұл неліктен бақтан ұшып кетті?
  • Жолбарыстың мұңаюының себебі неде?
  • Жолбарысқа кімдер көмек берді?
  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
  • Кешірімшіл болу әр адамның қолынан келе ме?
  • Адамгершіліктің маңызы неде?
  • Айналаңа деген мейірімділікті қалай көрсетіп жүрсің?

3) Дәйексөз

«Өз ойларыңа абай болыңдар, ол әрекеттің бастауы болады.» — Лао Цзы

  • Ұлдарға — 2 рет, қыздарға — 2 рет, хормен — 1 рет айтқызу.
  • Дәйексөзді дәптерге жаздыру.

4) Әңгімелеу (мұғалімнің сыйы)

Видео-ролик

Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі бойынша.

Талқылау сұрақтары

  • Әке мен бала қайдан келе жатты?
  • Жолдан нені көрді?
  • Бала неліктен тағаны алмады?
  • Әкесі қандай әрекет жасады?
  • Әкесінің іс-әрекетінен бала не түйді?
  • Сен ақылыңа үнемі жүгінесің бе?
  • Айналадағы жағдайлар мейірімділік жасауға кедергі бола ала ма?
  • Қандай істер адамды бақытқа жетелейді?
  • Жомарттық жасаған кездерің болды ма?

5) Шығармашылық жұмыс

Топ 1

Мейірімділік

Топ 2

Кешірімшілдік

Топ 3

Адамгершілік

Тапсырма: Сөзтізбек

Тор көздегі сандардың орнына қазақ әліпбиіндегі әріптерді ретімен қойсаңдар, халық даналығының нақыл сөзі шығады. Шыққан сөзді топ болып қорғаңдар.

Ескерту: толық нұсқасын жүктеу.