Әлемді шарлау стратегиясын қолдану
Сабақ тақырыбы: Қазақ сазгерлері
Бұл сабақ жоспары оқушылардың қазақ сазгерлері туралы білімін кеңейтіп, тілдік нормаларды (соның ішінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды) саналы қолдануына бағытталған.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Қазақ сазгерлері және буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы мағлұмат беру; ойды жинақтап, көркем әрі сауатты тілмен жеткізуге ынталандыру.
2) Дамытушылық
Оқушының тіл байлығын арттыру; ойлау, көру, есту қабілеттерін дамыту; танымдық қызығушылықты көтеру; шығармашылық қабілетті жетілдіру.
3) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; ана тіліне деген сүйіспеншілікті күшейту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Кезекшінің мәліметі.
- Психологиялық дайындық.
- Ой ашар.
- Үй тапсырмасын тексеру.
I. Қызығушылықты ояту
Ой қозғау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, тақырыпқа бағыттау. «Әлемді шарлау» стратегиясы қолданылады: оқушы айту, бөлісу, ортаға салу арқылы ойын ашып үйренеді. Слайдтар «шымылдықпен» жабылып, біртіндеп ашылады.
Негізгі мақсат
Тақырыпты қабылдауға дайын орта қалыптастыру және пікір айту мәдениетін дамыту.
II. Мағынаны тану
Жаңа ақпаратпен таныстыру. Тақтаға күн мен жаңа тақырыптың атауы жаздырылады.
Жаңа сөздер
| Қазақша | Мағынасы |
|---|---|
| алып | гигант, великий |
| озбырлық | эксплуататор, угнетатель |
| әділетсіздік | несправедливость |
| қажымас | неустанный |
| қайрат | сила |
1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Сергіту сәті: «Кім жылдам?»
- Үш буынды сөзге мысал келтір: о-қы-шы.
- Әріптерді орнына қой: балық, алмұрт.
2-тапсырма
Диалог бойынша сөйлесіңдер.
3-тапсырма
Сөйлемдердегі кірме сөздердің астын сызып, тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Буын үндестігі заңына бағынып тұрған сөздерді бір бөлек, буын үндестігі заңына бағынбай тұрған сөздерді бір бөлек жазыңдар:
Бормен, адамдар, өнерпаз, қолмен, мекені, аттың, тұмсығымен, қалаға.
II деңгей
Берілген сөздермен сөйлем құраңдар: жеңімпаз, шеберхана, досымен.
III. Ойтолғау
Төмендегі жұрнақтарды қандай сөздерге жалғауға болатынын үлгі-сызбаға сүйеніп жазыңдар.
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту. Әр оқушы жазған сөз саны есептеледі.
-гер / -кер
Саудагер, кәсіпкер, іскер, мұрагер, саяткер, талапкер, жауынгер, жұмыскер, сазгер, заңгер, ғарышкер.
-паз
Аспаз, қорғампаз, қыдырымпаз, талғампаз, жеңімпаз, өнерпаз, жасампаз.
-хана
Мейманхана, емхана, дәріхана, кітапхана, қымызхана, шеберхана.
-қой
Сәнқой, әзілқой, әдісқой, әуесқой, намысқой.
Қорытынды
Үй тапсырмасы
Үйге берілетін тапсырма мұғалімнің нұсқауы бойынша белгіленеді.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағаланады.