Оқыту үшін және оқуды бағалау

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзі».

Сілтемелер

  • Күнтізбелік жоспар
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық
  • СТО стратегиялары
  • 8-сынып оқулығы

Назар аударатын өзек

Сабақта Абайдың қара сөздеріндегі тәрбиелік мән, адамгершілік туралы философиялық пайым және Он жетінші қара сөздің мазмұны тереңірек меңгеріледі.

Жалпы мақсат

Абай қара сөздерінің тәрбиелік құндылығын түсіндіру, ақынның адамгершілік тәрбие берудегі философиялық ой-толғамдарының маңызын ұғындыру және «Он жетінші қара сөздің» негізгі идеясын меңгерту.

Оқыту нәтижесі

Оқушыларды өз бетінше ой қорытуға, түйін жасауға дағдыландыру; шығармашылық тапсырмалар арқылы таным-түсінігін дамыту.

Оқыту формасы

  • Жеке оқушымен жұмыс
  • Топпен жұмыс
  • Сынып ұжымымен жұмыс

Қолданылатын модульдер мен әдістер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін және оқуды бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

1) Психологиялық ахуал

Сәлемдесу арқылы сыныпта жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жатқа сұрау.

3) Қайталау сұрақтары

  • Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрді?
  • Қай өңірде дүниеге келді?
  • Ақын кімдердің тәрбиесін көбірек алды?
  • Өлең жазуда кімдерге еліктеді?
  • «Маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен тең түсетіндей кездері бар секілді» пікірінің авторы кім?

Қызығушылықты ояту

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Талқылау өзегі: қайрат, ақыл, жүрек ұғымдары.

Оқушыларға қайрат, ақыл, жүрек туралы сұрақтар қойылып, жаңа сабаққа қызығушылық оятылады.

Абайдың қара сөздері туралы қысқаша дерек

Жазылу кезеңі

Абай қара сөздерін 1890–1898 жылдар аралығында жазған. Қара сөздерді жаза бастағанда ол 45 жаста болған: ақыл-ойы толысып, өмірлік тәжірибесін саралаған кемел шағы еді.

Жазудағы мақсаты (1-қара сөз)

Абай өз мақсатын бірінші қара сөзінде былайша түсіндіреді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын. Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын; керегі жоқ десе — өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

Саны және ерекше қарастырылатын сөз

Абайдың қара сөздері жалпы 46. Дегенмен, 46-сөз — «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» — мазмұнына қарай жеке тарихи шығарма, очерк ретінде бөлек қарастырылып жүр.