Киіз үйде
Қызылорда облысы · Әйтеке би кенті
№7 «Балдырған» балабақшасы
Музыка жетекшісі: Марат Роза Маратқызы
Тақырыбы
«Ханталапай» ұлттық ойыны
Мақсаты
- Балаларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру, ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру.
- Ойлау және көру қабілетін дамыту, тілін жетілдіру, есте сақтауын күшейту.
- Әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
- Жылдамдықты арттыру, жүйке жүйесін шыңдау және қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер
- Киіз үй үлгісіндегі безендіру
- Қоржын, асықтар
- Компьютер, бейнеролик
Сабақ барысы
1) Балаларды ойынға шақыру
Музыка жетекшісі:
— Балалар, біз қайдамыз?
Балалар:
— Киіз үйде.
Музыка жетекшісі:
— Олай болса, «Киіз үй» қимыл-ойынымызды еске түсірейік.
2) «Киіз үй» музыкалық қимыл-ойыны
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керілер.
Уықтары шаншылып,
Өрімдей боп өрілер.
Қол ұстассақ айнала,
Киіз үй болып көрінер.
Балалар мәтінге сай қимыл-қозғалыс жасап, шеңбер бойына жиналады.
3) Киіз үй ішіндегі бұйымдарды еске түсіру
Музыка жетекшісі:
— Киіз үй ішінде қандай жабдықтар мен тұрмыс заттары болады? Керегеде не ілулі тұрады?
Балалар:
— Сандық, бесік, көрпе, киіз, алаша және т.б.
Музыка жетекшісі:
— Жарайсыңдар! Ал менің қолымдағы не?
Балалар:
— Домбыра, түлкі терісі, қоржын.
Музыка жетекшісі:
— Дұрыс, бұл — қоржын. Ендеше қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Балалар:
— Асықтар. Көп асық!
Балалар көрпеге жайғасып отырады.
4) Асық ойындарына кіріспе
Музыка жетекшісі:
— Сендер асықпен ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар:
— Асық ату, «Ханталапай».
Музыка жетекшісі:
— Тамаша! Ендеше «Ханталапай» ойынын еске түсіріп, ойнайық. Дайынбыз ба?
Балалар:
— Дайынбыз!
Ескерту:
Музыка жетекшісі ойынның мақсаты мен шартты ережесін қысқаша түсіндіріп, балалардың назарын экрандағы бейнероликке аударады. Балалар қызыға қарап тамашалайды.
5) «Ханталапай» ойынының басталуы
— Талапай-ау, талапай,
Табылды ойын, алақай!
Осы сөздермен асықтар ортаға шашылады. Балалар ойын шартын сақтай отырып, белсенді қатысады.
Тапсырма-сұрақтар
- Елбасымыз кім?
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақстанды танытатын рәміздерді ата.
- Жақында қандай мерекелер тойланды?
- Ұлттық аспаптарды ата.
- Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата.
- Туымыздың түсі қандай?
- Туда ненің бейнесі бейнеленген?
Балалар берілген тапсырмаларды орындап, ойынға қызығушылықпен атсалысады.
6) Марапаттау және сергіту сәті
Номинация
«Мерген бала»
Дамир
Номинация
«Зерек бала»
Дарын
Номинация
«Алғыр бала»
Әліби
Балалар жеңістерімен құттықталып, «Қара жорға» биін билеу ұсынылады. Балалар қуанып, марапаттарын алып, барлығы бірге би билейді.
Күтілетін нәтиже
Біледі
- Ұлттық ойын түрлерін
- Ойын шартын орындауды
- Сұрақтарға жауап беруді
- Қимыл-қозғалыста белсенді болуды
Игереді
- Ойын мәтініне сай қимыл жасауды
- Ойын шартына сәйкес әрекет етуді
Меңгереді
- Ойын мазмұнын түсініп ойнауды
- Асықты дәл көздеп, мергендікті шыңдауды
- Тапсырманы орындау арқылы ойынға қатысуды