Ұлы саяхатшылар Бағдарламаның тақырыптық жоспары

Түсінік хат

«Материктер мен мұхиттар географиясы» — мектеп географиясының ең қызықты бөлімдерінің бірі. Бұл бөлім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға кең мүмкіндік береді. Сондықтан 7-сыныпқа арналған «Ұлы саяхатшылар» элективті курсы оқушыларға материктер мен мұхиттарды зерттеген саяхатшылардың өмірі, қызықты әрі қатерлі сапарлары, ашқан жаңалықтары және қалдырған еңбектері туралы жан-жақты мәлімет беруге бағытталған.

Курста оқушылар саяхатшылардың өмірбаянымен танысып қана қоймай, олардың жүрген бағыттарын кескін картаға түсіреді, глобус пен картада бағдарлау дағдыларын дамытады, әртүрлі өлшеу және сызба жұмыстарын орындайды. Сонымен бірге сарамандық және шығармашылық тапсырмалар арқылы зерттеушілік мәдениеті қалыптасады.

Оқу курсының мазмұны оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетімен ізденуге және география пәніне қызығушылығын күшейтуге бағытталған.

Мақсаты

Материктер мен мұхиттардың ашылуына зор үлес қосқан зерттеуші-саяхатшылардың өмірі, қызықты әрі қатерлі сапарлары, ашқан жаңалықтары және қалдырған еңбектері туралы жан-жақты мәлімет беру арқылы оқушылардың білімін дамыту және тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру.

Апталық жүктеме

Сабақ саны

Аптасына

1 сағат

Жалпы көлемі

Оқу жылы бойынша

34 сағат

Міндеттері

  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру және шығармашылыққа жетелеу.
  • Танымдық және интеллектуалдық дағдыларын дамыту.
  • Өздік жұмыс жасауына ықпал ету.
  • Географиялық карта және атластармен жұмыс істеуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинауға дағдыландыру.

Оқыту формалары

Ізденіс-зерттеу Практикалық жұмыс Әңгімелесу-сұхбат Түсіндіру-баяндау Лекция Топтық ізденіс Бақылау-тексеру Сайыстар

Қолданылатын құрал-жабдықтар

Карталар

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы.

Оқу материалдары

Атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, кестелер мен үлестірмелер.

Цифрлық ресурстар

Электрондық оқулықтар, компьютер және слайд-презентациялар.

Бағдарламаның тақырыптық жоспары

«Ұлы саяхатшылар» курсы бойынша тақырыптық жоспар аптасына 1 сағатқа есептеліп, жалпы 34 сағатты қамтиды.