Бауырсақтың сөзі
Сабақ жоспары
Тақырыбы
1–10 көлеміндегі сандарды қайталау.
Сабақтың түрі
Ертегілер әлеміне саяхат.
Мақсаты
- Оқушылардың 1–10 дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын, сондай-ақ сандар құрамын анықтауды бекіту.
- Дүниетанымын кеңейту және пәнге қызығушылығын арттыру.
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілік
Интерактивті тақта, магнитті тақта, сандар, қосу/азайту/салыстыру мысалдары бар плакаттар.
Пәнаралық байланыс
Көркем әдебиет, тіл дамыту, математика.
Қолданылатын технологиялар
Ойын технологиясы, денсаулықты қорғау технологиясы.
Сабақ бөлімдері
- 1Кіріспе сөз.
- 2Бауырсақ пен қоянның кездесуі.
- 3Бауырсақ пен қасқырдың кездесуі.
- 4Сергіту сәті.
- 5Бауырсақтың аюмен кездесуі.
- 6Бауырсақтың түлкімен кездесуі.
- 7Сергіту сәті.
- 8Бауырсақтың үйіне қуанышпен оралуы.
- 9Қорытынды.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Балалар, қане, келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Мұғалім: Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Тамаша, жақсы!
Мұғалім: Олай болса, бір-бірімізге алақан арқылы жылылық танытып, жақсы лебіз білдірейік.
Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн.
Армысың, асыл жер.
Армысың, көк аспан.
Армысың, жан досым.
Жылуыма жылу қос — міне, менің қолым!
2) Кіріспе сөз: ертегі әлеміне саяхат
Бүгінгі математика сабағында 1–10 көлеміндегі сандарды қайталаймыз. Оқу тапсырмаларын ертегі желісімен орындаймыз.
Қонақ
Бауырсақ
Бауырсақтың сөзі:
Менің атым — Бауырсақ.
Мені пышақпен қырып алды,
қанатпен сыпырып алды.
Қаймаққа илеп, майға пісірді.
Мен атадан кеттім, мен әжеден кеттім.
Атамды тыңдамадым, әжемді тыңдамадым.
Үйімді сағындым. Көмектесші, балақай!
Сұрақ
Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Жауап: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкері.
Сұрақ
Бауырсақтың пішіні қандай?
Жауап: Домалақ, шеңбер.
Ортақ мақсат
Бауырсақты ата-әжесіне аман-есен жеткізу үшін, жолда кездесетін аңдардың тапсырмаларын тоқтамай орындаймыз.
3) Бауырсақ пен қоянның кездесуі
Алғашқы кездесетін аң — қоян. Қоянның тапсырмаларын орындасақ, Бауырсақты босатады.
Тапсырма 1: Қосу және азайту
Екі қатардан бір-бір оқушы шығып, мысалдардың жауаптарын жылдам табады. Дұрыс шығарған оқушы Бауырсақтың суретін алады.
4 + 1 =
6 − 1 =
4 − 1 =
7 + 1 =
5 − 1 =
8 − 1 =
3 + 1 =
2 − 1 =
6 − 2 =
10 − 2 =
Тапсырма 2: «Кім жаңылыспайды?» ойыны
1–10 сандарын тура және кері санау.
Нәтиже: Бауырсақ қояннан құтылды.
Қоян: Балалар, сендерге көп-көп рақмет!
4) Бауырсақ пен қасқырдың кездесуі
Келесі кездесетін аң — қасқыр. Ол Бауырсақты жегісі келеді. Егер екі тапсырманы орындасақ, қасқыр Бауырсаққа тимейді.
Тапсырма 1: Сандардың құрамын анықтау
Келесі сандардың құрамын табыңдар:
Тапсырма 2: Сандарды салыстыру
Тақтада берілген сандарды салыстырып, тиісті таңбаны қойыңдар.
4 ☐ 4
6 ☐ 4
7 ☐ 3
5 ☐ 1
3 ☐ 3
9 ☐ 4
8 ☐ 7
Қасқыр: Рақмет, балалар! Мен сендерден көп нәрсе үйрендім.
5) Бауырсақтың аюмен кездесуі
Бауырсақ жолда аюға кездеседі. Аю да оны жегісі келеді, бірақ бір тапсырма ұсынады. Егер тапсырманы дұрыс орындасақ, Бауырсақ аюдан құтылып кетеді.
Тапсырма: Ауызша есептер
1-есеп
Тәрелкеде 5 алма бар еді. Оның екеуін Динараға бердім. Тәрелкеде неше алма қалды?
5 − 2 = 3
2-есеп
Анасы Ерболға 5 торкөз дәптер және 2 жолды дәптер сатып әперді. Барлығы неше дәптер сатып әперді?
5 + 2 = 7